Диего Альберто Милито (; 12 маусым 1979 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/22202, Бернале, Буэнос-Айрес, Аргентина) — аргентиналық футболшы, шабуылшы.

Карьерасы Карьерасын 1999 жылы "Расинг Авальянеда" клубында бастады.

Карьерасындағы ең жарқын жылдары "Интернационале" сапында өтті. 2009 жылы клубпен төрт жылдық келісім шарт жасасты да, алғашқы маусымда-ақ УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанып қана қоймай, турнирдің үздік шабуылшысы атанды. Чемпиондар лигасының финалында "Баварияның" қақпасына екі гол соғып, командасының жеңісіне үлес қосты. Сол жылы тұңғыш рет әлем чемпионатына қатысты.

2011 жылы 7 желтоқсанда "Интер" сапындағы жүзінші матчын өткізді.

2014 жылы жазда туған клубы "Расингке" ауысты. Екі жылдан соң карьерасын аяқтап, "Расингтің" спорттық директоры боп тағайындалды.

Інісі Габриэль Милито да футболшы. Жетістіктері

Командалық «Расинг» (Авельянеда)

Аргентина чемпионы: 2001 (Апертура), 2014

«Интер»

Италия чемпионы: 2009/10 Италия кубогы (2): 2009/10, 2010/11 Италия суперкубогы: 2010 УЕФА чемпиондар лигасы: 2009/10 Клубтар әлем чемпионаты: 2010

Аргентина құрамасы

Америк кубогының финалисі: 2007

Жеке

Италиядағы жыл футболшысы: 2009/2010 УЕФА Чемпиондар лигасының үздік шабуылшысы: 2009/10 УЕФА сауалнамасы бойынша үздік клубтық ойыншы: 2009/10

Дереккөздер

Сілтемелер Статистикасы https://int.soccerway.com/players/-/3336/ https://static.fifa.com/fifa-tournaments/players-coaches/people=198273/index.html

Санат:Аргентина футболшылары Санат:Аргентина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Расинг Авельянеда ФК ойыншылары Санат:Дженоа ФК ойыншылары Санат:Реал Сарагоса ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары