Джозеф Линкольн Стеффенс (; 6 сәуір, 1866 жыл, Сан-Франциско – 9 тамыз 1936 жыл, Кармель, Калифорния) – атақты америкалық журналист және жазушы.

Өмірбаяны Бай саудагердің ұлы. Беркли университетін оқып бітіріп, онымен қатар Франция мен Германияда білім алған.

1892 жылдан бастап "Нью-Йорк кешкі газетінде" () репортер қызметін атқарды, кейінірек Макклюр журналын () шығара бастады.

1906 жылы Айда Тербелмен () және Рей Бейкермен () бірге "Американдық журнал" () атты радикалды басылымның негізін қалап,онда "балшықты тырмалау" () атты журналистік стильдің басты өкілі болды.

Ол 1910 жылғы Мексика революциясының қатысушыларын қолдап, ол туралы көп жазды және оның мақсаттары орындалады деп үміттенді.

1919 жылы АҚШ-тың арнайы дипломатиялық өкілі Уильям Буллитпен бірге Кеңестік Ресейге келіп, Ленин және сыртқы істер наркомы Чичеринмен кездесті. Стеффенс шабыттана: "мен болашақты көрдім және ол жұмыс істейді" () деп жазды.

Кейін ол фашизмге қарсы жұмыс жиналыстарына жиі қатысты. АҚШ-тың Коммунистік партиясына өліміне аз уақыт бұрын кірді (бірақ басқа дереккөздер, ол әрқашан партиясыз болды деп мәлімдейді).

Өзінің соңғы жылдары Калифорнияда, Кармелде тұрды, онда Илья Ильф пен Евгений Петров келді. Олар кездесуді "Бір қабатты Америка" кітабында сипаттады:

— Мен бұдан артық қала алмаймын, — деді ол, басын терезеге бұрып. Калифорнияның жеңіл және еркін табиғаты оны жаншытқан сияқты, - Мен бұдан ары мына есуас оптимистік күлкіні естігім келмейді.

Бұны өз өмір бойы америкалық демократияға сенген, оны өзінің жазушы, журналист және шешендік дарынымен қолдаған адам айтты. Ол бүкіл өмір бойы Америка Құрама Штаттардың қоғамдық құрылымы мінсіз және адамдардың бостандығы мен бақытын қамтамасыз ете алады деп санады. Және осы жолда қандай соққы алса да, ол әрдайым оған адал болды. Ол былай айтатыні: "Біздің әкімшілікте адал адамдар аз. Біздің құрылысымыз жақсы, бізге тек адал адамдар қажет".

Енді ол бізге:

— Мен өз ұлыма арнап кітап жазғым келді, онда өзім туралы бүкіл шындықты айтқым келеді. Бірінші бетте маған…

Кенеттен біз қысқа қатаң еңіреуді естідік: Линкольн Стеффенс жылап жіберді. Ол өзінің нәзік және жүйкелі бетін — ғалымның бетін қолдарымен жапты.

Әйелі оның басын көтеріп, оған орамал берді. Бірақ ол өз жасынан ұялмай, жалғастырды:

— Маған ұлыма шын мәнінде пара алып өзіңді адал адам деп санау қиын екенін айтуға тура келді. Иә, мұны білмей, буржуазиялық қоғамды сатылып кеттім. Мен марапаттағлан даңқ пен құрмет тек қана өмірдің әділетсіз құрылысын қолдағаным үшін пара болғанын түсінбедім.…

Шығармашылық Өз "қалалардың ұяты" (), "өзін-өзі басқару үшін күрес" (), "Құрылысшылар" () кітаптарында Стеффенс жергілікті төрешілікті сыбайлас жемқорлықта кінәләді. Ол радикалды реформалар елдегі жағдайды жақсарта алады деп есептеді.

Оның екі томдық "Өмірбаяны" америкалық әдебиеттің классикалық құнды туындысына айналды.

Қайтыс болуы Стеффенс 1936 жылы 9 тамызда Калифорния штатындагы Кармель-бай-те-Си қаласында жүрек ауруынан қайтыс болды. Оның сүйегі Колма қаласындағы Cypress Lawn Memorial Park зиратына жерленді.

2011 жылы The New York Times газетінен Кевин Бейкер «Линкольн Стеффенс бүгінде көп еске алына бермейді» деп өкініш білдірді.

Дереккөздер

Санат:АҚШ жазушылары Санат:АҚШ журналистері Санат:АҚШ коммунистері