Беркалиев Жанай (5 қаңтар 1939, Тұщықұдық ауылы, Новобогат ауданы Гурьев облысы – 14 қыркүйек 2017, Атырау) — биология ғылымдарының кандидаты (1983), КСРО аул шаруашылығы саласының үздігі, Исатай, Индер, Махамбет, Құрманғазы аудандарының Құрметті азаматы, Атырау облысының Құрметті азаматы ISBN 978-601-7174-37-8, Тұщыкұдык ауылы шежіресі, Алматы 2014, 169 бет
Өмірбаяны Беркалиев Жанай 5 қаңтар 1939 жылы Тұщықұдық ауылында дүниеге келген Новобогат ауданы Гурьев облысы. Руы Беріш, бөлімі Бегіс Кіші жүз.
1956. Еңбек жолын Новобогат ауданындағы “Чапаев” атындағы кеңшарда механизатор болып бастаған
1967. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітірген
1967-1969. Құрманғазы ауданында “Калинин” атындағы кеңшарда зоотехник, ферма меңгерушісі
1969-1972. “Құрманғазы” атындағы кеңшарда бас зоотехник
1972. Құрманғазы ауданында ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары
1972-1979. Индер ауданында “Амангелді” атындағы кеңшардың директоры
1979-1982. Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Гурьев облыстық филиалының директоры
1982-1987. Новобогат ауданындағы “Чапаев” атындағы кеңшардың директоры
1987-1990. Махамбет ауданынданың Облыстық ғылыми зерттеу ауыл шаруашылығы “Тәжірибе стансасының" директоры
1990. Новобогат ауданындағы “Забурын” атындағы кеңшардың директоры
1990-1991. Новобогат ауданындағы атқару комитетінің төрағасы
1991-1993. Новобогат ауданындағы “Чапаев” атындағы кеңшардың директоры
1993-1994. Атырау облыстық әкімінің орынбасары - облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
1994. Махамбет ауданының әкімі
1994-1999. Исатай ауданының әкімі
Қоғамдық қызметі Облыстық Мәслихат Депутаты (1987)
Отбасы Ата-анасы: Беркали Еришев мен Жумахан Еришева. Жұбайы: Клара Токумбаева, мұғалім. Отбасында үш қыз, үш ұл дүниеге келген:: Беркалиев Жасулан, Жанаев Руслан, Жанаев Данабек, Беркалиева Гүлжан, Беркалиева Толқын, Беркалиева Қарлығаш
Ғылыми еңбектері Батыс Қазақстанның шөлді және жартылай шөлейтті аймағы жағдайында түйелер мен қаракөл қойларының құнарлылығын арттыру/ Ғылыми дәрежесін алуға арналған Диссертация кандидаты /, Мәскеу, 1983 ВИЖ УДК 636.295.062.454.33 http://earthpapers.net/povyshenie-plodovitosti-verblyudov-i-karakulskih-ovets-v-usloviyah-pustynnoy-i-polupustynnoy-zony-zapadnogo-kazahstana
Жарияланымдар Беркалиев Ж. “Жылдар жаңғырығы”/ Атырау, 1999 ISBN 9965-01-0169-9
Беркалиев Ж, Сматулин Б. “Түндігі Ашылған Тұнбалар”/ "Үш Қиян" баспасы, 2002 ISBN 9965-565-10-4
Марапаттары
КСРО аул шаруашылығы саласының үздігі (1975) http://awards.shoutwiki.com/wiki/Нагрудный_знак_«Отличник_сельского_хозяйства».html
«Құрмет» ордені (2015) http://pricom.kz/obshhestvo/prezident-respubliki-kazahstan-ukaz-2.html
Исатай, Индер, Махамбет, Құрманғазы аудандарының Құрметті азаматы
Атырау облысының Құрметті азаматы (2016) https://www.zakon.kz/4782149-novyjj-sozyv-maslikhata-provel-sessiju.html
Дереккөздер
Санат:Биология ғылымдарының кандидаттары Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Атырау облысының құрметті азаматтары Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті түлектері