thumb|right|300px|Жер бетіндегі ең көне тіршілік формалары туралы деректер гидротермальды вентиляторлардан табылды. Байқалған ең ежелгі тіршілік формалары деп жер бетіндегі гидротермалардың өзектерінде байқалған тасқа айналған микроорганизмдерді айтады. Ғылыми факттер мен есептеулер бойынша, жер шары 4.5 миллиард жыл бұрын біртіндеп қалыптасса, мұхиттар шамамен 4,41 миллиард жыл бұрын пайда болғаны белгілі. Кей деректер бойынша кем дегенде 3,77 миллиард жыл бұрын, ал басқа деректер бойынша 4.28 миллиард жыл бұрын, тіпті бәлкім 4,5 миллиард жыл бұрын тіршілік формалары жер бетінде алғаш өмір сүре бастаған деп жорамалданады. 3,465 миллиард жылдық тарихы бар Аустралиялық Апекс черт (Apex chert) тау жыныстарынан табылған перминералданған микроорганизмдердің микрофоссилдері жер бетіндегі ең ежелгі тіршіліктің нақты айғағы есептеледі.J. William, Anatolly B., John W., 2017. SIMS analyses of the oldest known assemblage of microfossils document their taxon-correlated carbon isotope compositions, Proceedings of the National Academy of Sciences of the United States of America, 115, 53–58pp
Биосфера Қазірге дейін, Жер ғаламшары жаһандағы бірден-бір тіршілік аралы деп танылады. Жер биосферасы жер бетінен кемінде 19км тереңге, ал атмосферада кемінде 76км жоғарыға дейін жетеді, ол топырақ, гидротермиялық вентиляциялар мен тау жыныстарын қамтиды. Сондай-ақ, биосфера Антарктила мұз астында 800м тереңге дейін сұғынады ; ол мұхиттың ең терең шүңетін де қамтып, теңіз түбінен ары бірнеше километр тереңдегі жартастарға дейін барады. Белгілі бір тексерулер арқылы, сыртқы ғарыш кеңістігі вакуумында да тіршілік формалары өмір сүре алатыны байқалды. Биосфераның жалпы массасы 4 триллион тонна көміртегіден тұрады. Кейбір ерттеушілердің айтуынша: «микробтар кез-келген жерден табылады, олар жағдайға өте бейімделгіш (адаптациялы) және қай жерде болса да тірі қала алады».
Жер бетінде осыған дейін өмір сүрген барлық тіршілік түрлерінің бес миллиардтан астамы, яғин 99 пайызы жойылып кеткен деп есептеледі. Кейбір есептеулер бойынша, қазіргі кезде жер бетіндегі түрлердің саны 10 миллионнан 14 миллионға дейін, олардың 1,2 миллиондайы тіркелген, ал қалған 86 пайыздан астамы тіркелмеген делінеді. Дегенмен, 2016 жылы мамырдағы ғылыми есеп бойынша кезекте жер бетінде 1 триллион тіршілік түрі өмір сүурде, олардың мыңда бір пайызы ғана тіркелген делінді.
Ең ежелгі тіршілік формалары Жердің жасы шамамен 4,54 миллиард жыл; Жердегі ең алғашқы тіршілік кем дегенде 3,5 миллиард жыл бұрын өмір сүргені сөзсіз екеніне дәлел жеткілікті. Дегенмен, тіршіліктің 4,5 миллиард жыл бұрын басталғаны мүмкін екені туралы да деректер табыла бастады.
2017 жылғы желтоқсандағы ғылыми есепберу кеңесі бойынша 3,465 миллиард жылдық тарихы бар австралиялық Апекс Черт (Apex chert) жартастарында микроорганизмдер болғандығы анықталып, бұл жер бетіндегі тіршіліктің ең алғашқы тіке дәлелі болды. 2013 жылы бір басылым Батыс Австралиядағы 3,48 миллиард жылдық құмтаста тасқа айналған микробты кілемшелер (microbial mat fossils) табылғаны жариялды. Гренландияның оңтүстік-батысындағы 3,7 миллиард жылдық метеоритальды тау жыныстарында биогендік графит және бәлкім стоматолиттер табылғаны туралы дерек 2014 жылы Табиғат журналында (Nature) сипатталанған болатын. Ықтимал «тіршілік қалдықтары қалдықтар» Батыс Австралиядағы 4,1 миллиард жылдық тау жыныстарынан табылды және 2015 жылғы зерттеулерде сипатталды.
2016 жылы жүргізілген генетикалық зерттеу Соңғы жалпы ортақ тек (LUCA) бәлкім 3,5 - 3,8 миллиард жыл бұрын терең теңіздегі гидротермиялық саңылауларда өмір сүрген деген қорытындыға келді. 2017 жылы наурызда Канададағы Квебектің Нувуагиттук белдеуіндегі (the Nuvvuagittuq Belt of Quebec) ежелгі теңіз түбінен гидротермиялық вентиляциялық шөгінділерде тасқа айналған микроорганизмдер (микрофоссилдер) табылды. Бұл Жердегі тіршіліктің ең көне дәлелі ретінде 4,28 миллиард жыл бұрынғы қалдық болуы мүмкін, яғни 4.41 миллиард жыл бұрын Жер шарында мұхит пайда болғаннан кейінгі "тіршіліктің бірден пайда болуы". Кейбір зерттеушілер тіпті тіршілікті шамамен 4,5 миллиард жыл бұрын басталған деп болжайды. Биолог Стивен Блэр Хедждің (Stephen Blair Hedges) айтуынша: «Егер тіршілік Жер бетінде салыстырмалы тез пайда болса ... онда бұл оның ғаламда кең таралғанын да аңғартады».
Құрлықтағы тіршілікке келсек, 2019 жекылы ғалымдар Канадалық Арктикада Ourasphaira giraldae деп аталатын тасқа айналған саңырауқұлақ табылғанын хабарлады, ол жер бетінде өсімдіктер тіршілік етпей тұрып, миллиардтаған жыл бұрын пайда болған болуы мүмкін. 2018 жылдың шілдеде ғалымдар құрлықтағы ең алғашқы тіршілік 3,22 миллиард жыл бұрынғы бактериялар болған деп мәлімдеді. 2017 жылы мамырда батыс Австралияның Пилбара кратонында 3,48 миллиард жылдық гейзеритте құрлықтағы микробтардың тіршілік ету дәлелі табылды.
2018 жылдың қаңтарында зерттеу бойынша, Жерден табылған 4,5 миллиард жылдық метеориттер құрамында сұйық күйдегі су мен бірге тіршілік ингредиенті бола алатын пребиотикалық күрделі органикалық заттар бар екендігі анықталды.
Галерея
Қатысты тақырыптар Абиогенез (Abiogenesis) - жансыз материядан тіршіліктің табиғи пайда болу процессі Астробиология (Astrobiology) - Ғарыштағы тіршілік туралы ғылым Экстремофиль (Extremophile) - аса қатігез және мүлде қолайсыз ортада өмір сүруге қабілетті организмдер Гейзерит (Geyserite) - ыстық бұлақтар мен гейзерлердің айналасында жиі кездесетін опалинді кремний формасы Тіршілік (Life)- физикалық заттарға салыстырмалы биологиялық процестері бар дене Тіршілік уақытжелісі (Life timeline) - 4,54 миллиард жыл бұрын Жер пайда болғаннан бергі тіршілік оқиғалары Соңғы жалпы ортақ тек (Last universal common ancestor) - барлық қазіргі тіршіліктің бергі ортақ ата-бабасы Организм (Organism) - әрбір тірі жеке дене Панспермия (Panspermia) - тіршілік төркіні туралы гипотеза Тіршіліктің эволюциялық тарихы хронологиясы (Timeline of the evolutionary history of life) - тіршілік дамуындағы негізгі оқиғаларды сипаттайтын заманауи ғылыми теория
Дереккөздер
Санат:Эволюция