Шойындыкөл, Шаяндыкөл – Терісаққан өзені алабындағы көл.
Географиялық орны Ақмола облысы Жарқайың ауданы жерінде, Шойындыкөл ауылының оңтүстігінде орналасқан.
Гидрографикасы Теңіз деңгейінен биіктігі 325,0 м. Ауданы 18,84 км2, ұзындығы 6,4 км, ең енді жері 5,0 км, су жиналатын алабы 281 км2. Көл бетін толықтай құрақ жапқан. Жағалары жарқабақты, биіктігі 4 – 6 м. Түбі жайпақ, саздақты, лай қалыңдығы 0,3 – 0,4 м. Көлдің 4 саласының тек солтүстігіндегі Алтынқарасу жылғасы ғана жыл бойы сулы. 7 км батыста жатқан Сабынды көлінен Алтынқарасуға құятын тармақтың ені 10 – 15 м, арнасы құбылмалы. 1 км оңтүстік-батыста жатқан Жаркөлден келетін екі тармақтың суы аз. Су деңгейі көктемде суы мол жылдары 30 – 40 см, суы аз жылдары 15 – 20 см-ге көтеріледі. Көл соңғы 50 – 60 жылда 15 рет құрғаған. Суы ащылау, тек мал суаруға жарамды.Қазақ энциклопедиясы, 9 том.
Дереккөздер
Санат:Жарқайың ауданы көлдері Санат:Есіл су алабы