Айдарбек Асанұлы Қожаназаров (26 қараша 1983 жыл, Қызылорда) — қазақстандық топ-менеджер әрі саясаткер, 2022 жылдан бастап Respublica саяси партиясының төрағасы және 2026 жылдан бастап партия атынан сайланған 1-шақырылған Қазақстан Құрылтайының депутаты. Қазақстан Мәжiлiсі VIII сайланымының депутаты (2023–2026), «Олжа Агро» холдингінің Бас директоры (2019–2023) және «Иволга-Холдинг» (2017–2018).
Өмірбаяны 26 қараша 1983 жылы Қызылордада дүниеге келген. Қостанайда орта мектепті бітіріп, «Халықаралық экономика» мамандығы бойынша Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін (Нархоз) және «Мұнайгаз жобаларын басқару» мамандығы бойынша Данди Университетін бітірген.
2006-2009 жылдары «БТА Банкі» жұмыс істеп, Islamic Banking басқармасының жетекшісі, кейін Дубайдағы өкілдіктің басшысы қызметтерін атқарды.
2009-2015 жылдары «APK Olzha Holding» компаниялар тобында холдинг стратегиясы мен перспективті даму жөніндегі басқарушы лауазымдарды атқарды.
2015-2016 жылдары «КазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ Басқарма төрағасының орныбасары болды.
2016-2017 жылдары «Астана» ӘКК» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болды.
2017 жылдың желтоқсан айында «Иволга-Холдинг» ЖШС Бас директоры болып тағайындалды. 2019 жылдың ақпан айында Қазақстандағы ірі агрохолдинг саналатын «Олжа Агро» ЖШС бас директоры лауазымына тағайындалды. Қызмет барысында холднигтің қаржылық-экономикалық көрсеткіштерінің өсіміне қол жеткізді.
2022 жылы құрылған Respublica саяси партиясын басқарады.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан кәсіпкерлері