Қаралар күші қозғалысы () — АҚШ-тағы нәсілдік мақтанышты, экономикалық кұштілікті және саяси-мәдени институттарды құруды дәріптейтін қара нәсілдділер қозғалысы.
Азаматтық құқықтар қозғалысынан бастау алатын Қаралар күші қозғалысында қара тәнді белсенділер саяси лоббиден бастап қарулы күреске дейінгі өзін-өзі қорғау мен дәіптеудің талай түрін сынақтан өткізді. "Азаматтық құқық қозғалысының реформалық және бейбітшілік элементтері нәсілдік қатынастарды түзетуге пайдалы болмады" деген пікір Қара күш қозғалысының негізгі бір көзғарасы болды. thumb|right|200px|Қара қабылан партиясы мүшелері жалауша көтеріп, марш жасауда. Қаралар күші қозғалысы қара тәнділердің өз-өзін қор көру сезімін жойып, қауіпсіздікті және өз-өзіне сенімділікті қалыптастыруды, қара тәнділердің тұрмыс сапасын көтеріп, экономикалық қолжетімділікті іске асыруды көздейді. Олар қара тәнділерге арналған кітап дүкендерін, азық-түлік кооперативтерін, фермаларды, бұқаралық ақпарат құралдарын, баспахана, мектеп, емхана және жедел жәрдем қызметін құруды қолға алды. Бұл қозғалыстың халықаралық әсерінде Тринидад және Тобагодағы Қара күштер төңкерісі туылды.
Дереккөздер
Санат:Афроамерикандық мәдениет Санат:Афроамерикандықтар тарихы Санат:АҚШ-тағы көтерілістер