Луис Инасиу Лула да Силва (, , туған кездегі есімі Луис Инасиу да Силва), мононимі — Лула (, 27 қазан 1945, Каэтес, Пернамбуку) — бразилиялық мемлекеттік қайраткер, саясаткер, кәсіподақтар мен Жұмысшылар партиясының мүшесі, 2003–2011 жылдары және 2023 жылдан бері Бразилия президенті. Ол — Бразилияның демократиялық тарихында президенттік қызметінен кейін қайта сайланған алғашқы тұлға.
Лула Социалистік Жұмысшылар партиясының тең құрылтайшысы және құрметті төрағасы болып келеді.
2017 жылы 12 шілдеде сыбайлас жемқорлық және ақшаны заңдастұру ісі бойынша ол 9,5 жылға бас бостандығынан айырылды. 2018 жылғы 24 қаңтарда ол Порту-Алегри сотында осы іс бойынша апелляциялық шағымдан жеңілді. Сонымен қоса, сот шешімі бойынша бас бостандығынан айыру мерзімі 9,5 жылдан 12 жылға дейін ұлғайтылды.
2019 жылдың 8 қарашасында ол Жоғарғы Соттың барлық апелляциялар таусылғанға дейін үкімнің заңды күшіне енуінің заңсыздығы туралы шешіміне байланысты 580 күндік қамаудан кейін босатылды.
2022 жылғы президент сайлауында Жаир Болсонаруға қарсы жеңіп, Бразилия тарихындағы үш рет сайланған жалғыз президент болды. Қызметін 2023 жылдың 1 қаңтарында бастады.
Жастық шағы Луис Инасиу да Силва 1945 жылы 27 қазанда Каэтес, Сан-Паулуда дүниеге келген. Ол Аристид Инасио да Силва мен Евридиси Феррейра де Мелоның сегіз баласының жетіншісі. Ол туғаннан екі аптадан соң, әкесі Сантусқа немере әпкесі Валдомира Феррейро ди Гойспен көшіп кетті.
1952 жылдың желтоқсанында, Лула небәрі жеті жаста болғанда, анасы балаларымен бірге Сан-Паулуға көшіп, күйеуімен тағы кездесуге шешім қабылдады. Пау-де-арарада (жүк көлігінің ашық жүк аймағы) 13 күндік сапардан кейін ол Гуаризаға келіп, Аристидтің Вальдомирамен екінші отбасын құрғанын анықтайды. Аристидтің екі отбасы бір үйде біраз уақыт тұрды. Төрт жылдан кейін Евридиси балаларымен бірге Сан-Паулу қаласындағы бардың кішкентай бөлмесіне көшті. Осыдан кейін Лула маскүнемдікке салынып, 1978 жылы қайтыс болғанға дейін әкесін сирек көріп тұрды.
Білімі мен жұмысы Лула жүйесіз білім алды. Ол он жасқа дейін оқи алмады және төртінші сыныптан кейін жұмыс істеп, отбасына көмектесу үшін мектептен кетті. Еңбекке араласуы 12 жасында, көше сатушысы және аяқ киімді жылтыратудан басталды. 14 жасында ол мыс өңдеу фабрикасында алғашқы ресми жұмысқа орналасты.
19 жасында ол автомобиль бөлшектерін шығаратын зауытта пресс-оператор болып жұмыс істеген кезде жазатайым оқиғаның кесірінен сол қолының кішкентай саусағынан айырылды. Саусағынан айырылғаннан кейін алғашқы көмек алғанға дейін бірнеше ауруханаға барды. Осы тәжірибенің нәтижесінде ол жұмысшылар кәсіподағындағы қызметке көбірек қызығушылық таныта бастады. Содан кәсіподақ қызметіне араласып, кәсіподақтың бірнеше маңызды қызметтерін атқарды. Диктатура одақтың әрекеттерін қатты тежейтіндіктен, оның саяси көзқарастарын солға қарай ығысуына мәжбүр етті.
1969 жылы сол жылы гепатиттен қайтыс болған Мария де Лурдиске үйленді. 1974 жылы Лула жесір Марисаға үйленді, олардың үш ұлы болды (ол Марисенің бірінші некесінен ұлын да асырап алды). Сол жылдың басында оның Мириам Кордейро Лурианмен некесіз қызы болған.
Саяси мансабы солға|нобай| Лула да Силва 80-жылдары Бразилия парламентінде 1980 жылы 10 ақпанда академиктер, зиялы қауым өкілдері мен жастар көшбасшылары, оның ішінде Да Силва бар әскери диктатура кезінде құрылған солшыл идеологиясы бар прогрессивті партия Жұмысшылар партиясын (ЖП) құрды.
1982 жылы да Силва өзінің нақты есіміне «Лула» бүркеншік атын қосты. 1983 жылы Бразилияның CUT кәсіподақтар федерациясын () құруға қатысты. 1984 жылы ЖП және да Силва «Диретас жа» («Тікелей иә», «Құқық дәл қазір», ) тікелей президенттік сайлауды қолдау науқанына қатысты. 1967 жылғы конституцияға сәйкес, Бразилия президентін парламент сайлады, олардың барлығы 1964 ж. наурызынан бастап аға офицерлер болды. Көптен күткен сайлау 1989 жылы өтті, ал Бразилия халқы 29 жылда алғаш рет дауыс берді. Бұл сайлауда екінші айналымда да Сильваны басып озған Фернандо Коллор де Мелло жеңіске жетті. 1992 жылы Лула сыбайлас жемқорлыққа айыпталған Коллордың импичментін белсенді қолдады.
Бірінші президенттілігі (2003–2010) солға|нобай|230x230 нүкте|Жұмысшылар партиясының жақтаушылары президенттік сайлаудағы жеңісін тойлауда (2006) нобай|230x230 нүкте| Президенттік сайлаудың екінші турының қорытындылары (2006). Лула да Силва жеңген штаттар қызыл түспен көрсетілген 2002 жылғы сайлауда ол президент болып сайланды, бірінші турда 46,4%, екінші турда 61,3% жинады. Луланың күтуіне және сайлау алдындағы риторикасына қарамастан оның үкіметі өзінен бұрынғы Ф.Кардосоның мемлекеттік бюджеттің алғашқы профицитін және ұлттық валютаның өзгермелі бағамын сақтай отырып макроэкономикалық саясатын толығымен сақтап қалды. Экономикалық саясаттағы жалғыз түбегейлі өзгеріс жекешелендіру бағдарламасында қысқарту болды, дегенмен Лула оны қайта мемлекет меншігіне алмады Сергей Васильев Модернизация Бразилии: эпоха двух президентов .
2006 жылғы сайлауда ол бірінші турда 48,6%, екінші турда 60,8% жинап, қайта сайланды.
2000 жылдары Бразилияда Лула саясатының арқасында орасан зор экономикалық және әлеуметтік өзгерістер болды, оның негізгі бағыттары қатаң бюджеттік саясат пен инфляцияны бақылау болды. Сонымен қатар, Лула үкіметі әлеуметтік бағдарламалардың тұтас кешенін жасады, олардың бастысы — «Отбасылық пакет» (Bolsa Família) арқасында 12 миллион кедей бразилиялық отбасылар ай сайынғы төлеммен қамтамасыз етіліп, олардың балалары үнемі мектепке барып, қажетті медициналық екпелер алдыДилма от Лулы. // The New Times, 08.11.2010. Дж. Варгас атындағы Бразилиялық Қоғамдық пікірді зерттеулер және әлеуметтік зерттеулер қорының ғалымдары алынған деректерге сәйкес, Бразилияда әлеуметтік теңсіздік соңғы жарты ғасырда оның ең төменгі деңгейге жетті: 1994 жылдан бастап 2010 жылға дейін елдегі кедейлік деңгейі 67,3%-ға төмендеді, осы құлаудың 50%-ы, Да Сильваның президенттік жылдарында құладыСоциальное неравенство в Бразилии достигло исторического минимума // РИА Новости. — 04.05.2011..
Президенттігінен кейін (2011–2022) 2011 жылғы 2 қазанда Сан-Паулудағы Сирия-Ливан госпиталінде тамақ ауруы диагнозы қойылды. Ол өсінділерді түзету үшін химиотерапиядан өту туралы шешім қабылдады және 16 қарашада баспасөз қызметі әйелінің шашы мен сақалын қырып тастап, Лулудан таз, бірақ мұртты қалдырған суретін жариялады. Бұл Лула отставкаға кеткеннен кейін оның бірінші рет сақалсыз көрінуі болды. Лула қатерлі ісіктен толық ремиссия болғанға дейін сәулелік терапиядан өтті. 2012 жылдың наурызында Лула өзінің қалпына келгенін және саясатқа қайта оралғанын жариялады. Бразилияның сол кездегі президенті Дилма Руссеф бұл жаңалықты жоғары бағалады. Сыбыстардан айырмашылығы, 2013 жылдың басында Лула өзінің мұрагері Дилма Русефті тағы бір рет қолдай отырып, енді президенттік сайлауға қатыспайтынын мәлімдеді.
нобай|250x250 нүкте| нобай|250x250 нүкте|Жак Ширак пен Луис Инасио Лула да Силва, Таң сарайы, Бразилия
2021 жылдың 21 қаңтарында Лула COVID-19-бен аурып қалғанын айтты. Ол ауруханаға жатқызуды қажет етпеді және өз бетінше емделді.
2018 жылғы президенттік сайлау thumb|right|Лула 2018 жылы 2017 жылы Лула 2018 жылғы сайлауда жұмысшылар партиясы атынан 2018 жылғы президент сайлауына қайтадан қатысатынын мәлімдеді. Қыркүйек айында ол Бразилия штаттары арқылы өткен жақтастардың керуенін басқарды. Бразилияның оңтүстігінде жүрген керуен наразылық нысанасына айналды. Паранада науқан автобусына оқ атылды, ал Рио-Гранде-ду-Сулда Луланы қолдайтын содырларға тас лақтырылды.
Лула 2018 жылдың сәуірінде түрмеде отырғанына қарамастан, Жұмысшылар партиясы Луланы партияның президенттігіне кандидат ретінде қалдырды. 2018 жылдың маусымында Ibope жүргізген сауалнамада Лула 33% дауыс беру ниетімен көш бастады, Социал-либералдық партия кандидаты Жаир Болсонару 15% дауыспен екінші болды. Лула Бразилия Коммунистік партиясы мен Социалистік партиямен аймақтық альянстар туралы келіссөздер жүргізді.
Жұмысшылар партиясы Луланы ресми түрде 2018 жылдың 5 тамызында Сан-Паулуда кандидат ретінде ұсынды. Актёр Сержиу Мамберти түрмеде жазасын өтеуіне байланысты келе алмаған Лула жазған хатты оқыды. Сан-Паулуның бұрынғы мэрі Фернанду Аддад Луланың серіктесі аталды және Луланың іс-шаралар мен пікірталастарда өкілі болуды мақсат етті.
2018 жылдың 31 тамызында Жоғарғы сайлау соты Луланың кандидатурасын қабылдамады, сол кезде жеті судьядан тұратын алқаның көпшілігі Луланың президенттік сайлауға қатысуына тыйым салу үшін дауыс берді. 2018 жылдың 11 қыркүйегінде Лула ресми түрде сайлаудан шығып, оның орнына Луланың өзі қолдаған Фернанду Аддад келді.
Екінші президенттілігі (2022–) 2021 жылдың мамырында Лула 2022 жылдың қазан айында өтетін жалпы сайлауда сол кездегі президент Жаир Болсонаруға қарсы шығатынын айтқан. 2021 жылдың шілде айының соңында жүргізілген сауалнамалар нәтижесінде ол еш қиындықсыз жеңетінін көрсетті.
2022 жылдың сәуірінде Лула өзінің кандидатурасы Сан-Паулу штатының үш мерзімді губернаторы Жералду Алкмин болатынын мәлімдеді.
2 қазанда бірінші турдың дауыс беруінде Лула сайлаушылардың 48,43% жинап, Жаир Болсонаруға қарсы екінші турға жолдама алды. Лула жетпіс жетінші туған күнінен үш күннен кейін 30 қазанда екінші турда жеңіске жетті. Ол Бразилияның үш мерзімге сайланған бірінші президенті болды.
Марапаттары
ЕлТабыстау күніМарапатЛитерлер2006—Бани ордені Үлкен крест рыцаріGCB2003—Әулие Олаф орденді кавалері2003—Норвегия Корольдігі орденінің кавалері2003—Перу Күн Орденінің Үлкен Кресі кавалері2003—Католик Изабелла орденінің тізбегіндегі үлкен крест кавалері2003—Кінәз Ярослав Данышпан орденінің 1 дәрежелі кавалері17 қазан 2003—Бостандық орденінің үлкен тізбегі кавалеріGColL2004—Экваторлық жұлдыз орденінің үлкен кресі2004—Амилкар Кабрал орденінің үлкен кресі2005—Бояка ордені2005—Гана Жұлдызы орденінің серігіCSG7 ақпан 2006—Athir Ұлттық Құрмет ордені2007—Ацтек бүркітінің тізбегі кавалері11 тамыз 2007 —Омар Торрихос Эррера Үлкен Крест ордені кавалері12 қыркүйек 2007—Піл орденінің кавалеріR. af E.2008—Мұнара мен қылыш, ерлік, адалдық және еңбек сіңірген әскери орденінің үлкен кресі кавалеріGCTEмамыр 2009—Король Абдель-Азиз аль-Саудидің орден тізбегі кавалері2009—Бостандық ордені кавалері2010—Омейядтар ордені 1-дәрежелі кавалері2010—Амилкара Кабрал медалі2011—Замбия бүркіті Ұлы Командор ордені GCEZ2011—Валесса қоры сыйлығының лауреаты27 сәуір 2011—Тамбо Компаньондар Алтын орденінің кавалері
Дереккөздер
Сілтемелер Лула - әлемдегі алғашқы жұмысшыдан шыққан президент Луис Инасио Лула де Силва 2023 жылғы ең ықпалды 100 саясаткердің қатарына енді
Санат:Аустриялық ханзада сыйлығының иегерлері Санат:Бразилия президенттері Санат:Бразилия социалисттері Санат:XXI ғасыр саясаткерлері Санат:Қазіргі мемлекет басшылары