Леопольдо Хасинто Луке (; 3 мамыр 1949 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/141861, Санта-Фе, Аргентина) — аргентиналық футболшы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы.

Карьерасы

Клубтық Карьерасында Аргентина және Бразилия клубтарында ойнады. "Ривер Плейт" сапында бес рет Аргентина чемпионы атанды.

Бапкерлік 1985 жылы карьерасын аяқтаған соң бапкерлікке ауысты. 1986 жылы бұрын өзі ойнаған "Унион Санта-Фе" клубын жаттықтырды.

1988 жылы "Сентраль Кордова" клубын жаттықтырды да, бапкерліктен қол үзді. Тек 2008 жылы ғана осы кәсібіне қайта оралып, "Атлетико Архентино" клубын жаттықтырды.

Ұлттық құрама Аргентина Ұлттық футбол құрамасы сапында 45 рет алаңға шығып, 22 гол соқты.

1978 жылғы әлем чемпионатына қатысты. Турнирде Аргентинаның үздік ойыншыларының бірі болды. Топтық кезеңде Мажарстан мен Францияның қақпасына бір-бір голдан соқты. Екінші топтық кезеңде Перудің қақпасына екі гол соқты. Луке Финалда Нидерланд құрамасына қарсы 90 минутты толық ойнады да, әлем чемпионы атанды.

Дереккөздер

Сілтемелер

Биографиясы

Санат:Аргентина футболшылары Санат:Аргентина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Унион Санта-Фе ФК ойыншылары Санат:Росарио Сентраль ФК ойыншылары Санат:Ривер Плейт ФК ойыншылары Санат:Расинг Авельянеда ФК ойыншылары Санат:Сантос ФК ойыншылары Санат:Аргентина футбол жаттықтырушылары Санат:Унион Санта-Фе ФК жаттықтырушылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары