Төретай – Балқаш көлінің солтүстік жағалауындағы қыратты жон.
Географиялық орны Балқаш көліндегі Жылтың, Жетімтүбек түбектерінен солтүстікке қарай 30 км жерде орналасқан. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 15-17 км-ге созылып жатыр, ені 2-3 км. Ең биік жері – Тесіктас тауы (616 м), оңтүстігінде Итбас тауы (612 м).
Геологиялық құрылымы Кембрийдің эффузиялық шөгінділерінен (интруздық құмтасты габбро, яшма, диабаз, алеврит, т.б.) түзілген.
Өсімдігі Нашар дамыған бозғылт қоңыр топырағында баялыш, сұр жусан, қара жусан, т.б. шөлейт өсімдіктері өседі.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары