Клируотер (Клируотэр; , аударғанда Таза су, Мөлдір су) — Флорида штатының Пинеллас округінде, Тампа және Сент Питерсбург қалаларының солтүстік-батыс жағында орналасқан қала. Қаланың батысында Мексика шығанағы, ал оңтүстік-шығысында Тампа шығанағы орналасқан. Клируотер бұл Пинеллас округінің әкімшілік орталығы болып табылады. Қала сондай-ақ 2,747,272 (2009) халқы бар Сент Питерсбург-Тампа-Клируотер агломерациясына кіреді. 2010 жылғы санақ бойынша қалада 107,685 адам тұрады.

География Клируотер координаттарында орналасқан.

АҚШ халық санағы бюросының мәліметі бойынша қаланың жер аумағы 39.2 шаршы мильді немесе 101.6 шаршы шақырымды құрайды, оның 25.6 шаршы милін (66.2 шаршы шақырымын) құрлық, ал 13.7 шаршы милін (35.4 шаршы шақырымын) (34.86%) су алып жатыр.

Климаты

Демографиясы Тарихи халық саны Санақ жылы Халық саны %± 1900 383 — 1910 1,171 205.7% 1920 2,427 107.3% 1930 7,607 213.4% 1940 10,136 33.2% 1950 15,581 53.7% 1960 34,653 122.4% 1970 52,074 50.3% 1980 85,170 63.6% 1990 98,669 15.8% 2000 108,787 10.3% 2010 107,685 −1.0% 2019 (бағалау) 116,946 8.6% Дереккөз: 1900-2010

2019 жылы 18 жасқа дейінгі тұрғындардың үлесі 18.7%, 18-ден 64 жасқа дейінгілердің үлесі 59.4%, 65 жастан жоғарылардың үлесі 21.9% құрады.

2014 жылдан 2018 жылға дейін қаладағы үй шаруашылығының орташа табысы 47,070 долларды, ал отбасының орташа кірісі 46,228 долларды құрады. Халықтың 15.9 пайызы кедейлік шегінен асып кеткен.

Халықтың нәсілдік топтары: 79,8 % — Еуропоидтар (Ақтар) 10,9 % — Қаралар (афро-америкалықтар) 2,1 % — Азиаттар 0,5 % — Үндістер 0,1 % — Тынық мұхитының аралдарынан шыққандар 4,1 % — басқа нәсілдер

Тілдері 2000 жылғы мәлімет бойынша ағылшын тілі 84.43 пайыз халыққа, испан тілі 8.55 пайыз халыққа, грек тілі 1.15 пайыз халыққа, француз тілі 1 пайыз халыққа, неміс тілі 0.97 пайыз халыққа, италиян тілі 0.85 пайыз халыққа ана тілі болып есептелген.

Галерея

Дереккөздер

Сілтемелер

Клируотер қаласы, ресми сайт Клируотер Бичқа туризмнің уеб-сайты

Санат:Флорида қалалары Санат:Флорида округтік орталықтары