Тыныс Шындәулетұлы Өтебаев (14 наурыз, 1944 жыл, Өзбек КСР, Ташкент облысы, Жоғары Шыршық ауданы, Киік ата ауылы – 28 тамыз, 2017 жыл, Қазақстан, Алматы) – диктор, тележурналист. КСРО телерадиосының үздігі.
Қазығұрт ауданы орталығындағы 7 жылдық мектепті, Ташкент электрмеханика техникумын (1961), Ташкент орыс тілі және әдебиеті институтын (1971) бітірген. Еңбек жолын Ташкент трактор жасау зауытында техник-электрик болып бастаған. 1963 – 66 ж. Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеді. 1967 ж. Өзбек радиосында диктор болып тұңғыш қазақ бағдарламасы «Замандасты» ашуға ат салысып, Өзбек теледидарына ауысты. 1971 жылдан «Қазақстан» телерадио комитетінде диктор, бас редактор, директор, комитет төрағасының 1-орынбасары қызметтерін атқарып келді. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1989).Оңтүстік Қазақстан облысы : энциклопедия. – Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2005. – ISBN 9965-9746-1-6
, деп жазды Е.Қарин.
Дереккөздер
Санат:14 наурызда туғандар Санат:1944 жылы туғандар Санат:28 тамызда қайтыс болғандар Санат:2017 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан тележүргізушілері Санат:КСРО телерадиосы үздіктері Санат:Ташкент электрмеханика техникумы түлектері Санат:Ташкент орыс тілі және әдебиеті институты түлектері Санат:Өзбек радиосы қызметкерлері Санат:Қазақстан телевизиясы редакторлары Санат:Қазақстан журналистер одағы сыйлығының иегерлері Санат:Жоғары Шыршық ауданында туғандар