Родриго Морено Машадо (Мачадо) (; ; 6 наурыз 1991, ) — бразилиялық және испаниялық футболшы, "Лидс Юнайтед" клубының шабуылшысы. Немере туысы Тьяго Алькантара да футболшы.
Мансабы Родрига Рие-до-Жанейрода дүниеге келген. 11 жасында "Фламенго" клубының академиясына қабылданды. 2003 жылдан кейін бірнеше испандық клубтың академиясынан өтті. 2009 жылы "Реал" академиясына ауысты. 2010 жылы "Реал С" клубы сапында кәсіпқой карьерасын бастаған соң Испания азаматтығын алды.
2010 жылы "Бенфикаға" ауысып, бес маусым ойнаса, соның екі маусымын "Болтон Уондерерс" пен "Валенсия" сапында арендада өткізді. 2015 жылы "Валения" футболшыны түпкілікті сатып алды.
2014 жылы Испания құрамасы сапындағы тұңғыш ойынын өткізді. 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысты. Топтық кезеңдегі үш кездесуге қатысты.
Сол жылы күзде УЕФА Ұлттар лигасына да қатысты.
2020 жылы араға 17 маусым салып ағылшын премьер лигасына оралған "Лидске" ауысты.
Жетістіктері
«Бенфика»
Португалия чемпионы: 2013/14 Лига кубогы: 2011/12, 2013/14 Португалия кубогы: 2013/14
«Валенсия»
Испания кубогы: 2018/19
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Испания футболшылары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Реал Мадрид Кастилья ФК ойыншылары Санат:Бенфика ФК ойыншылары Санат:Болтон Уондерерс ФК ойыншылары Санат:Валенсия ФК ойыншылары Санат:Лидс Юнайтед ФК ойыншылары