Жоғарғы Үбі ауданы — 1939-1959 жылдары болған Шығыс Қазақстан облысының құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік.
Тарихы Орталығы Жоғарғы Үбі ауылында болған Жоғарғы Үбі ауданы Киров, Шемонаиха аудандары мен Риддер қаласына қарасты аумақтың шағындалуына байланысты Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1939 жылғы 16 қазандағы Жарлығымен құрылды. Оның құрамына Александров, Большереченск, Жоғарғы Үбі, Выдриха, Кабано-Разин, Киров, Куйбышев, Малубинск, Орлов, Секисов ауылдық кеңестері және «Үбі» шошқа кеңшары кірдіЦентральный государственный архив Республики Казахстан, ф. 1109, оп. 5, д. 46, л. 24..
1940 жылы 30 қарашада Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Разин ауылдық кеңесі Шемонаиха ауданына берілдіЦентральный государственный архив Республики Казахстан, ф. 1109, оп. 5, д. 187..
1951 жылғы 18 қазандағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Пахотный ауылдық кеңесі Лениногорск қалалық кеңесінің әкімшілік бағыныштылығынан Жоғарғы Үбі ауданына ауыстырылдыЦентральный государственный архив Республики Казахстан, ф. 1109, оп. 5, д. 455, л. 25..
1959 жылғы 20 шілдедегі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Жоғарғы Үбі ауданы таратылдыВедомости Верховного Совета Казахской ССР, 1959 г., № 4-5, с. 59.. Сонымен Пахотный, Жоғарғы Үбі, Выдриха және Большереченск ауылдық кеңестері Шемонаиха ауданына, ал Малоубинск, Куйбышев және Секисов ауылдық кеңестері Киров ауданына берілдіВедомости Верховного Совета СССР. № 24 (956), 1959 г..
Сілтеме Жоғарғы Үбі ауданы. Әкімшілік-аумақтық өзгерістер
Дереккөздер
Санат:Қазақстанның таратылған аудандары