Сармиза немесе Сармисегетуза не Сармиса Билеску кейінірек Билеску-Алиманистану; (27 сәуір 1867 – 26 тамыз 1935)Une nouvelle figure de la jeune fille sous la IIIe République : l'étudiante – Румын елінің заңгері , Париж университетінде заң докторы дәрежесін(PhD) алған алғашқы еуропалық әйел, сонымен қатар өз елінде алғашқы заң тәжірибешісі болуға лицензия алған тұлғаhttps://journals.openedition.org/clio/437.
Өмірбаяны Сармиса Билеску Ион Брутианумен тығыз байланысты болған отбасынан шыққанhttps://riien.univ-littoral.fr/. Сармизаны Францияға жетелеген феминистік көзқарасты алдыға тартқан, қолдаған туған анасы.
Оқудағы қызықтары
Сармиса Билеску 1884 жылы университетке түседі. Бірақ, өкінішке орай, Билеску университеттік ортада, яғни факультетке әдеттегідей қабылданбады. Азаматтық құқық негіздерінің профессоры, Эдмон Луи Арман Кольме Де Сантеррдің айтуынша, "Біз амфитеатрларды қорғауға тура келеді деп қорқып, мисс Билеске қажетті рұқсатты беруден тартындық"https://riien.univ-littoral.fr/. Ақырында Билеска жоғарғы оқу орнына қабылданды, дегенмен де оның студент ретіндегі құқықтары өрескел бұзылды. Мәселен, оны қабылдағаннан кейін, университет залына кіруге рұқсат бермеді. “Liberté, égalité, fraternité motto” ұранына қайшы келетінін айтты”https://riien.univ-littoral.fr/. Алайда, бірінші оқу жылын аяқтағаннан кейін, Билескуға арнайы алғысын айтып, мадақтау айтқан Колмет Де Сантеррдің іс-әрекеті құрметке лайық. Ол студенттер корпусына бет бұрып, ер студенттерге Сармисаны қарындас ретінде қарсы алғандары, жақсы қарым-қатынаста болғандары үшін алғысын айтты. Сондай-ақ, Билескенің өз ісіне деген адалдығы және үлгілі мінез-құлқын атап өтіп, мадақтап қайтты. Жұмыстағы қызықтары Сармиса Билеску заң саласында тәжірибемен айналысу рұқсатын, яғни лицензиясын 1887 жылы алған. 1890 жылдары Францияда жоғарғы оқу орнында оқып жүрген студенттердің 71%-ы шетелдік азаматтар болған, соның ішінде, Сармиса да барUniversity of the Littoral Opal Coast. Ол 1888 жылы Мари Попелиннен кейін заң ғылымдарының докторы кандидатын қорғаған және заң ғылымдарының докторы атанған еуропалық әйелдердің бірі болды. Оның докторлық жұмысының тақырыбы “De la condition légale de la mère”, яғни «Ананың құқықтық жағдайы туралы» жазылған болатынhttps://journals.openedition.org/clio/135. 1891 жылы Константин Диссескудың компаниясындағы жұмысынан кейін, Сармисаның жолы ашылып, Бухарестің құрамына кіретін Илфов адвокаттар коллегиясына демде қабылдандыhttps://journals.openedition.org/clio/135. Сол уақытта Илфов адвокаттар коллегиясын атақты заңгер, саясаткер Таке Ионеску басқарғанhttps://journals.openedition.org/clio/135. Бұл оқиға тек Францияда бірінші рет емес, бүкіл Еуропаның көптеген елдерінде орын алмаған, бұрын-соңды болмаған жағдай. Бұл шараны Бельгиялық заңгер және либерал саясаткер Луи Франк ерекше құптап, «үлкен жаңалық» деп санадыАдвокатуралық жолы . Сармиза Билеску жұмысқа қабылданғаннан кейін алты жылдан кейін білікті инженер, Константин Алиманистянға тұрмысқа шықты. Сол жылдардан кейін, анасының ұстанымын ұстап, феминистік үйірмелерде белсенді бола отырып,сонымен қатар, Societatea Domnişoarelor Române, яғни Румынияның жас ханымдар қоғамының құрылтайшыларының қатарында бола отырып, өз кәсібіне байланысты зейнеткерлікке шықты.
Ана Харетпен, Сабина Кантацузиномен және Мария Н. Филипескумен бірге ол Мари патша басқарған комитет құрғанФеминистік үйірмелерге бейімділігі , 1915 жылы біраз уақытқа дейін жоғары білім алуға рұқсат етілмеген әйелдерге қосымша білім беруді қолдайтын ұйымын құру сәтсіздікпен аяқталды.
1935 ж. 26 тамыз Сармиса Билеску дүниеден озды.
Дереккөздер
Санат:Заңды тұлғалар Санат:Румыния мемлекеттік қайраткерлері Санат:1935 жылы қайтыс болғандар Санат:1867 жылы туғандар Санат:Феминистер