Тасқонырбас (Sclerpoa) – астық тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік.
Қазақстанда Батыс Тянь-Шаньнің құмды және тастақты тау етектерінде өсетін 1 түрі – қатты Тасқонырбас (S. rіgescens) бар. Биіктігі 15 – 40 см, сабағы тік, бұтақты, жалаң, жылтыр. Жапырақтары жіңішке, көлденеңі 2 мм, шеті бұдыр болады. Аталығының саны – үшеу. Масағы 5 – 8 гүлді, олар қа-лың сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Масақ қабыршағы әр түрлі, жоғарғыларының 3, төменгілерінің 1 саласы болады. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, жемісі піседі. Тасқонырбас – құнарлы мал азықтық шөп.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер