Ғалым Баубекұлы Мәмбеталиев (26 тамыз 1965, Теміртау, Қарағанды облысы, Қазақ КСР) — Кеңес және қазақстандық хоккейші.

Ойыншы Теміртау шайбалы хоккей мектебінің тәрбиеленушісі. Негізінен Теміртау және Қарағанды клубтарында ойнады. 1-2 маусымды новосібірлік «СКА», «Урицкий ат. СК» және әлметтік «Нефтяникте» ойнады. Соңғы төрт маусымды «Мостовикте» өткізді.

Жаттықтырушы Бапкерлік мансабын 2002 жылы туған жері Теміртауда бастаған. Екі маусымнан кейін «Барыс» командасына басшылық етті.

2006/2007 жылғы маусымда «Сарыарқаны» басқарды. Клубпен бірге қола жүлдегер (2006/2007 маусым) және бірінші лигадағы Ресей чемпионатының чемпионы (2007/2008 маусым), Қазақстан чемпионы (2007/2008 маусым) болды.

2009 жылы Қазақстан Ұлттық құрамасын басқарды. Ұлттық құрамамен әлем чемпионатының элиталық кезеңіне өтті. 2010 жылы элитадағы орнын сақтай алмады.

2010/2011 маусымда «2-Барыс» командасын басқарды. Клубпен бірге Қазақстан чемпионатында екінші орынға ие болды.

2011 және 2017 жылдары Қазақстан жастар құрамасын жаттықтырды.

2011 жылдан 2017 жылға дейін «Қар барыстары» жаттықтырушылар штабының мүшесі болдыМәмбеталиев Қар барыстарын басқарды. 2015/2016 маусымда клубпен бірге ширек финалға дейін жетіп, онда «Чайкаға» есе жіберді.

2017/2018 маусымда «Барысты» басқарды.

2018 жылы ұлттық құрамаға қайта оралды«Барыс» бапкері Қазақстан құрамасын басқарады. Ұлттық құрамамен әлем чемпионатының элиталық кезеңіне өте алмады.

2023 жылы «Барыс» клубында Андрей Скабелкадан кейін бас жаттықтырушының м.а. болып Ғалым Мамбеталиев тағайындалды.

Ол шайбалы хоккейден элиталық дивизиондағы 2023 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының бас бапкері болды.

2024 жылдың 18 қазанында «Барыс» клубының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды. .

Ссылки Ғалым Мәмбеталиев «Eliteprospects.com» статистикасында R-hockey сайтындағы профилі

Дереккөздер

Санат:Қазақстан шайбалы хоккейшілері Санат:КСРО шайбалы хоккейшілері Санат:Қазақстан шайбалы хоккей жаттықтырушылары Санат:«Арыстан» ХК хоккейшілері Санат:Сарыарқа ХК хоккейшілері Санат:«Ақ барыс» ХК хоккейшілері Санат:«СКА» Новосібір ХК хоккейшілері Санат:«Нефтяник» Әлмет ХК хоккейшілері Санат:«Зауралье» ХК хоккейшілері Санат:«Барыс» ХК жаттықтырушылары Санат:«Сарыарқа» ХК жаттықтырушылары Санат:«Қар барыстары» ХК жаттықтырушылары