Эльмира Әнуарбекқызы Сыздықова (5 ақпан 1992 жылhttps://www.rio2016.com/en/athlete/elmira-syzdykova , Солтүстік Қазақстан облысы) — қазақстандық еркін күрес шебері, 2016 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. 69 келі салмақта сынға түседі.

Өмірбаяны. 1992 жылы 5 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2008 жылы 16 жасында кадеттер арасында Азия чемпионы атанды. Бір жылдан соң осы турнирде күміс жүлдені иемденді.

2012 жылы жастар арасындағы Азия чемпионатында топ жарды.

Жетістіктері

Ұлттық

Қазақстан чемпионы: 2018

Халықаралық

Қола жүлдегер: Рио-2016 Азия чемпионы: 2021 Азия чемпионатының күміс жүлдегері: 2015, 2016 Дереккөздер

Санат:Қазақстан балуандары Санат:2016 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері Санат:Алфавит бойынша балуандар Санат:Күрестен Азия чемпиондары