Құрман Ата (Құрбан Ата) — (шамамен 1604 – 1712, Сауран қаласы) – діни қайраткер. Қоңырат тайпасының Көтенші руы Жаманбай тармағынан шыққан.
Өмірбаяны Ел ішінде сақталған деректерде Құрман Атаның тоғыз жасында әкесі қайтыс болады. Күнкөрістері қиындаған соң, ағалары мал ұрлап, «Қыл белбеу» ұры атанады. Ұрлықтарын айтып қоя бергендіктен, Құрман Атаның көзін байлап, Созақ өңіріндегі Жартөбе деген жерге апарып тастайды. Ол хантағылық Ақтамбердіден діни оқу үйреніп, соңынан Түркістан медресесінен екі жыл дәріс алады. Отыз жастан асқанда туған жері Сыр бойына оралады. Меккеге қажылыққа барады. Діни білімі, ақыл-парасаты, турашылдығымен аты шыққан ол ел ішінде әділ би, Құрман әулие атанған. Тәуке хан тұсында қабылданған қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жиынтығы «Жеті жарғыны» жасауға қатысқан. Тәуке хан кеңесшілерінің бірі болған.
Құрман ата ұрпақтары Құрман Атаның ұрпақтары Түркістан облысы жəне Қызылорда облыстарына тараған. Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданындағы Арыстан Баб кесенесі жанында Құрман Атаға күмбезді сағана орнатылған. Е. ӘкімқұлұлыҚұрман Атаның өмірін негізге ала отырып «Құрман ата» романын жазды (2004).Қазақ Энциклопедиясы, III том, 12 тарау
Дереккөздер
Санат:1604 жылы туғандар Санат:1712 жылы қайтыс болғандар