Нурия Мера-Бенида (, 19 қазан 1970 жыл, Алжир) — алжирлік орта қашықтыққа жүгіруші, 1500 метрге жүгіруден 2000 жылғы Жазғы Олимпиада чемпионы.
Спорттық карьерасының басында ол қысқа қашықтыққа жүгірумен айналысқан. 1991 жылы ол 400 метр қашықтықта ел чемпионатын жеңіп алды. Орта қашықтыққа жүгіруге ауыса отырып, ол 1995 жылы 1500 метрге жүгіруде Пан Араб чемпионатын жеңіп алды. Әр түрлі қашықтықта 15 рет Алжир чемпионы болды.
Сидней Олимпиадасында 1500 метр қашықтықта қос румын атлеті Виолета Секей мен Габриела Сабоны жеңіп, сенсациялық түрде жеңіске жетті.
Санат:Алфавит бойынша жеңіл атлеттер Санат:Алжир жеңіл атлеттері Санат:Жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпиондары Санат:2000 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:Алжир Олимпиада чемпиондары Санат:Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары