Элина Михайловна Свитолина (; 12 қыркүйек 1994 жылhttps://www.wtatennis.com/players/316738/name, Одесса) — украиналық теннисші, жекелей сында 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері; WTA бойынша турнирдің 18 дүркін жеңімпазы (олардың 16-ы жекелей сында); бір синглы финалдық турнирдің жеңімпазы (WTA-2018 тур финалы); синглдегі әлемнің бұрынғы үшінші ракеткасы.
Жасөспірімдерде жеке сындар арасындағы Grand Slam турнирінің бір жеңімпазы (French Open 2010); жасөспірімдер арасындағы Grand Slam турнирінің финалисті (Уимблдон 2012); жұптық «Үлкен дулыға» турнирінің финалисті (Уимблдон 2010); жасөспірімдер рейтингінде әлемдегі бұрынғы бірінші ракетка.
Карьерасы 2016, 2020 жылдары Олимпиадаға қатысты. 2016 жылы тамыз айында Элина Рио-де-Жанейрода өткен өзінің алғашқы Олимпиада ойындарына қатысты. Ол жекелей сында Андрей Петковичті, Хизер Уотсонды ұтты, сонымен қатар үшінші раундта әлемнің бірінші ракеткасы Серена Уильямсты (6-4, 6-3) сенсациямен жеңген бірқатар жақсы кездесулер өткізді. Свитолина табысқа жете алмады, ширек финалда Петра Квитовадан 2-6, 0-6 есебімен ұтылды. Ольга Савчукпен жұптасыр өнер көрсетіп, бірінші раундта жеңіліп қалды.
WTA рейтингінде ЖылЖекелейЖұп20205628201961 156201841 03520176435201614236201519159201429132201340261201215648520112694222010498443
Дереккөздер
Сілтемелер
Санат:Украина теннисшілері Санат:2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері