Ибраhим Ата күмбезі – Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші. 1982 жылдан бастап мемлекет қорғауына алынған.
Орналасқан жері Шымкент қаласы, Сайрам тұрғын үй алабының аумағындағы биік төбеде орналасқан.
Күмбез сипаты Күмбез шамамен XVI-XVII ғасырларға дейін, Қожа Ахмет Иасауидің әкесі Ибраһим атаның қабірі үстіне салынған. Ибраhим Ата күмбезі ортағасырлық сәулет өнеріндегі күмбезді мазарлардың сақталып қалған ескерткіштерінің бірі болып табылады. Ішінара сылақ жүргізіліп, әктелген, әлденеше рет қайта салынып, жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бастапқы күмбезі бұзылған, оның орнына 20 ғасырдың басында табақ темірден төрт жағына тайқы шатыр орнатылып, ортасына шошақ күмбез салынған. Бір камералы құрылыс, жалпы жобасы шаршы келген. Өлшемі: 7,2x7,2 м. Солтүстік-батыс және оңтүстік-батыс қасбеттері сәл шығыңқы, таяз қуыстары бар бірыңғай порталдармен безендірілген. Оңтүстік-батыс порталдың қуысына кіреберіс, ал пилондардың қанатына – тік бұрышты қуыстар жасалған. Ішкі қабырғаларына сылақ жүргізілген, еденіне кірпіш төселіп, цемент қосылған лаймен сыланған. Ішінде қабір қалдығы сақталған.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV томОтырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
Дереккөздер
Санат:Шымкент қаласының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Шымкент қаласы сәулеті Санат:Шымкент кесенелері