Надя (Надия Елена) Комэнеч, немесе Надя Команечи ( [] ; 12 қараша 1961 жыл, Онешти, Румыния), — румыниялық гимнаст, бес дүркін Олимпиада, екі дүркін әлем чемпионы, тоғыз дүркін Еуропа чемпионы.

1975 жылы 13 жасында Коменеч Скиен қаласында (Норвегия) өткен Еуропа чемпионатына қатысып, біркелкі емес сырықтарда, теңгерімде және секіруд жаттығуларында бірінші рет абсолютті біріншілікті жеңіп алды. Бұл турнирде ол мамандарды бағдарламаның ең күрделі элементтерімен таң қалдырды.

Монреальдағы Олимпиада ойындарында (1976) Коменеч абсолютті біріншілікте жеңімпаз атанды. Ол 1976 жылғы Олимпиада ойындарында «10,0» ең жоғары ұпай алған алғашқы гимнастшы болды. Ол кездегі Omega SA – Олимпиада таблосы дәстүрлі "10" деген ұпайды көрсетуге қабілетсіз, өйткені өндірушілері "10 ұпай ала алатын спортшы әлемде бар" деп ойламаған. Осылайша, оның 10 ұпайы «1.00» болып көрінді.

Монреаль ойындарының қалған уақытында Команеч тағы да жақсы жақсы нәтижелер көрсетті. Командалық біріншілікте күміс медальмен, ал еден жаттығулары үшін қола медальмен марапатталды.

Дереккөздер

Сілтемелер Жанкүйерлер сайты

Санат:Алфавит бойынша гимнасттар Санат:Румыния гимнастары Санат:Гимнастикадан Олимпиада чемпиондары Санат:1976 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:1980 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:1976 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері Санат:1980 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері Санат:1976 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері Санат:Румыния Олимпиада чемпиондары Санат:Гимнастикадан әлем чемпиондары Санат:Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары