«Жауын, бу және жылдамдық» — ағылшын кескіндемешісі Уильям Тёрнердің суреті.

Өнеркәсіп төңкерісінің аяқталуынан бірнеше жыл ғана өткенде салынған бұл сурет Темза үстінен көпірмен өтіп жатқан пойызды бейнелейді.

Жаздың жауынды күнінде айнала буалдыр тартты, жылдам келе жатқан пойыздың тек алды ғана анық көрінеді, мұржадан шыққан бу лезде жаңбыр тамшыларымен араласады. Өзенде қайықпен серуендеген адамдар көрінеді.

Жалпы көзқарас бойынша, суретте 1839 жылы салынып біткен Мейденхэд көпірі көрсетілген, көрініс шығысқа Лондон жаққа бағытталған.Ұлттық галереядағы сипаттамасы

Дереккөздер

Санат:Суреттер Санат:Уильям Тёрнер суреттері