Акмал Холматов (, ; 4 сәуір 1976Тransfermarkt.com) — тәжікстандық футболшы, шабуылшы, Тәжікстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.
Карьерасы
Клубтық Акмал Холматов 1993 жылы карьерасын "Регар-ТАДАЗ" клубында бастады. Бұл командада 1996 жылға дейін ойнап, "Нефтчи" (Ферғана) клубына ауысты. Ферғаналық клуб сапында команда жетекшілерінің біріне айналды, тіпті капитан боп та тағайындалды.
2007 жылы клубпен қоштасып, "Пахтакорға" ауысты. "Пахтакор" сапында чемпион бола алмады, ол кездегі "Бунедкор" бұларға мүмкіндік бермеді. Клуб сапында екі рет күміс жүлдеге қол жеткізді.
2010 жылы "ПАС" (Иран) клубына ауысты.
2012 жылы Өзбекстанға оралып, Ташкенттің "Локомотив" қатарын толықтырды.
Халықаралық 2003 жылдан Тәжікстан құрамасы сапында ойнай бастады. Футболшы халықаралық ойындарда көбіне құжат мәселесінің зардабын тартты: матчтағы протоколдарға түрліше тіркелгені (Akmal Kholmatov және Akmal Holmatov) зиянын тигізді. соның кесірінен бірнеше құраманың және Азия клубтық турнирлерінің матчтарына қатыса алмады.
Жетістіктері
Командалық
«Нефтчи»
Өзбекстан чемпионы: 2001 Өзбекстан чемпионатының күміс жүлдегері: 1997, 1998, 1999, 2000, 2002, 2003, 2004, 2006 Өзбекстан кубогының финалисі: 1997, 1998, 2001, 2002, 2005
«Пахтакор»
Өзбекстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2008, 2009 Өзбекстан кубогы: 2009, Өзбекстан кубогының финалис: 2008
«Локомотив»
Өзбекстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2013 Өзбекстан чемпионатының қола жүлдегері: 2012
Жеке
Геннадий Красницкий мергендер клубының мүшесі: 121 гол Олег Протасов мергендер клубының мүшесі: 118 гол
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:Тәжікстан футболшылары Санат:Тәжікстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Нефтчи Ферғана ФК ойыншылары Санат:Пахтакор ФК ойыншылары Санат:Регар-ТадАЗ ФК ойыншылары Санат:Истиклол ФК ойыншылары Санат:Шуртан ФК ойыншылары