Жармыш — Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданындағы ауыл, Жармыш ауылдық округі орталығы.
Географиялық орналасуы Аудан орталығы — Шетпе ауылынан шығысқа қарай 25 км жерде, Маңғыстау тауларының солтүстік-шығыс баурайында, боз жусан аралас астық тұқымдас шөптесін өскен сұр, сортаң сұр топырақты шөлдік белдемде орналасқан.
Тарихы Іргесі 1930 жылдардың бас кезінде ауыл шаруашылығы ұжымдастыруға байланысты “Бозащы” ұжымшарының орталығы болып қаланды. 1969 жылдан қаракөл қой кеңшарының орталығы болды. 1997 жылдан кеңшар негізінде 19 шаруа қожалықтары құрылды.
Халқы 1999 20092009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 20212021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 1826 1866 1984
Ауыл шаруашылығы Ауыл бойынша құрылған 25 қожалықтың 8-і және «Жармыш» ЖШС мал шаруашылығымен айналысуда. Шаруа қожалықтарында 2015 жылғы қаңтардың 1-ндегі есеп бойынша 41 бас сиыр, 982 бас қой, 420 бас ешкі, 889 бас жылқы, 230 бас түйе малдары болса, сол жылы «Жармыш» ЖШС-нде 461 бас қой, 9 бас жылқы малдары бар. Ауылдағы жеке тұрғындар есебінде 1 қаңтар 2015 жылғы жағдай бойынша қой-ешкі 5273 бас, сиыр 520 бас, жылқы 1269 бас, түйе 1203 басты құрады.
Инфрақұрылымы Жармыш орта мектебінде 2014-2015 оқу жылына 1-11 сыныптардағы оқушылар саны - 383 құрады. Маңғыстау ауданы әкімінің 2013 жылғы №181 қаулысына сәйкес селода 80 орындық «Еркетай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны құрылып, жұмысын бастады. 2013 жылы жаңа амбулатория пайдалануға берілді. Ауылдғы орта мектепте 1 спорт залы, 1 шағын спорт алаңы бар. Жанашыр кәсіпкерлер көмегімен күрес залы жасақталып, пайдалануға берілді
Транспорты Ауылдың солтүстік жағынан Сайөтеш — Бозащы су құбыры өтеді. Одан Жармышқа су құбыры тартылған. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. "Қазақ Энциклопедиясы"
Ауыл суреттері
Дереккөздер
Санат:Маңғыстау ауданы елді мекендері