Николай Иванович Ананьев (1933 жыл) — гигиенист-ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1984), профессор (1986).
Омбы медицина институтын бітірген (1957).
Облыстық санитарлық үйдің бас дәрігері (1957 — 58)
Солтүстік Қазақстан облысы санитарлық-эпидемиологиялық станциясының бас дәрігері (1958 — 66)
1966 жылдан Ақмола медицина институтында ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі болды.
Еңбектерінің негізгі бағыты — бейімделу мен психофизиология, студенттердің жұмыс істеу қабілеттілігін арттыру және оқу-тәрбие процесін тиімді жоғарылату.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:1933 жылы туғандар Санат:Қазақстан гигиенистері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Ақмола медициналық институтының профессорлары