Уақатов Бекмұрат (29.11.1932, Павлодар облысы Лебяжье ауданы Қорт а. – 20.12.1984, Алматы қ.) – әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы (1975).
Өмірбаяны ҚазМУ-ды (1954, қазіргі ҚазҰУ) және осы университеттің аспирантурасын (1957) бітірген. «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясында (1957–58) Қазақстан ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында ғылыми, аға ғылыми қызметкер (1958–82), бөлім меңгерушісі (1982–84) қызметтерін атқарған.
Ғылыми еңбектері «Қазақтың халық өлеңдері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Уақатовтың ғылыми еңбектерінің негізгі тақырыбы қазақ фольклорының мәселелеріне («Жоғары кластарда көркем шығарманы талдау», 1965; «Таланттар, туындылар», 1969; «Қазақтың халық өлеңдері», 1974; «Қазақтың тұрмыс-салт жырларының типологиясы», 1983, т.б.) арналған.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер
Сілтемелер Қазақ фольклорының тарихы және оның зерттелуі
Санат:29 қарашада туғандар Санат:1932 жылы туғандар Санат:Аққулы ауданында туғандар Санат:20 желтоқсанда қайтыс болғандар Санат:1984 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан әдебиеттанушылары Санат:Қазақстан филологтары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Қазақ әдебиеті газеті қызметкерлері Санат:Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты қызметкерлері