Сарлытаң, Сырлытам – Марқакөл көлінің шығысындағы тау.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Ақжайлау ауылының солтүстік-шығысында 21 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 2537 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 34 км-ге созылған, енді жері 14–15 км шамасында. Төбесінен суайрығы айқын байқалатын тау массиві. Беткейі тік, бірнеше жотадан, шатқалдан тұрады. Батысынан Белезек, оңтүстігінен Бұғымүйіз, шығысынан Қаба өзендері таудың биік белдеулеріндегі қар, мұздықтарынан бастау алады. Шығыс бөлігінде жақпартастардың мол үйінділері кездеседі. Солтүстігіндегі Алтай тау жүйесін Қарақаба өзенінің аңғары бөліп жатыр.

Геологиялық құрылымы Төменгі жəне орта девонның қышқыл шөгінділерінен, жоғарғы девонның габродиоритті шөгінді жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Беткейлерінің 2200 м-ге дейінгі бөлігінде жəне өзен аңғарларында балқарағай, самырсын, шырша, қайың, т.б. қалың тоғай өседі. Жоғарғы субальпілік жəне альпілік белдеуін шалғынды шөптесіндер көмкерген.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Күршім ауданы таулары