Ақтөбе ауданы () — Ресей Астрахан облысының солтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бірлік (аудан) және муниципалды құрылым (муниципалдық аудан).
Әкімшілік орталығы — Ақтөбе қаласы.
Географиясы Ақтөбе ауданы Астрахан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Бұл аймақ жартылай шөлді және Еділ өзенінің сол жағалауын бойлай созылып жатыр. Ауданның ауданы 7810 км², аудан Астрахан облысындағы ең үлкен аудан болып табылады.
Аудан шығысында Қазақстанмен, батысында Черноярск ауданымен, оңтүстік-шығыста Қарабайлы ауданымен және оңтүстігінде Жантау ауданымен, солтүстігінде Волгоград облысымен шектеседі.
Ақтөбе ауданы – Астрахан облысының солтүстік бөлігі, табақша тәрізді ойпаң-оймауыттармен біркелкі жалпақ жазықпен сипатталады. Тек көне су ағындарының арналары мен жекелеген күмбезді биіктіктер – тұзды күмбездер ғана ауданның тегістігін бұзады. Ауданның ең биік нүктесі Үлкен Боғдо тауының тұзды күмбезі – 149 м. Еділ мен Ақтөбе өзендерінің аңғарларында терең, бірақ қысқа жыралар созылып жатыр. Жайылма тұтастай алғанда арна-көлдері бар ірі жоталы бедермен сипатталады.
Ауданның негізгі өзендері: Ақтөбе, Владимировка, Калмынка өзендері – негізгі тармақтары бар Еділ өзені. Өзендердің су режимі сәуір-маусым айларында байқалатын айқын көктемгі-жазғы су тасқынымен және жазғы-күзгі судың сабасымен сипатталады. Су тасқынының максималды деңгейі мамырдың аяғында - маусымның басында болады. Су тасқынының ең жоғары кезеңінің ұзақтығы 3-5 күннен аспайды.
Тарихы 1928 жылы Төменгі Еділ өлкесінің Астрахан округі құрамында орталығы Владимировка ауылында болатын Владимировск ауданы құрылды. Сонымен қоса таратылған Болхун ауданы аумағының бір бөлігі (Рождественский, Ново-Николаевский, Болхунский, Сокрутовский ауылдық кеңестері) округке берілді.
1930 жылы 30 шілдеде КСРО-ның көптеген басқа округтары сияқты Астрахан округі да таратылды. Оның аудандары Төменгі Еділ өлкесінің тікелей бағыныстылығына берілді. 1934 жылдың 10 қаңтарынан бастап Владимировск ауданы Сталинград өлкесінің, 1936 жылдың 5 желтоқсанынан бастап — Сталинград облысының құрамына кірді. 1937 жылы 16 шілдеде Астрахан ауданы Сталинград облысының құрамында қайта құрылып, оның құрамына Владимировск ауданы кірді.
1943 жылы 27 желтоқсанда Владимировск ауданы жаңадан құрылған Астрахан облысының құрамына енді. 1944 жылы 25 мамырда Владимировск ауданы аумағының бір бөлігі жаңа Капустинояр ауданына берілді. РКФСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1959 жылғы 18 желтоқсандағы Жарлығымен Астрахан облысы Владимировский ауданының Владимировка ауылы, Петропавлск жұмысшы ауылы және Ақтөбе темір жол станциясындағы ауыл бір елді мекенге - Ақтөбе қаласына біріктірілді. 1975 жылы 21 ақпанда РКФСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы негізінде Ақтөбе қаласы облыстық бағыныстағы қалалар санатына жатқызылып, Владимировск ауданы Ақтөбе ауданы болып өзгертілді.
2006 жылғы 1 қаңтардан бастап Астрахан облысының 2004 жылғы 6 тамыздағы № 43/2004-ОЗ ЗаңынаЗАКОН АСТРАХАНСКОЙ ОБЛАСТИ от 6 августа 2004 года № 43/2004-ОЗ Об установлении границ муниципальных образований и наделении их статусом сельского, городского поселения, городского округа, муниципального района сәйкес облыс құрамына 15 муниципалды құрылым: 3 қалалық және 12 ауылдық елді мекендер кірді. Ақтөбе қаласы аудан құрамына қалалық елді мекен ретінде енді.
Тұрғындары 1939 1959 1970 1979 1989 2002 2003 2004 2005 58 679↗62 782↗88 182↘39 466↘37 043↘31 963↘31 900↘31 600↘31 100 2006 2007 2008 2009 2010 2011 2012 2013 2014↘30 700↘30 300↗30 400↗73 154↘29 326↗70 952↘69 859↘67 696↘66 640 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021↘66 105↘65 218↘64 553↘63 688↘62 408↘61 630↘60 973
Қалалану Қала жағдайында (Ақтөбе қаласы, Жоғарғы Баскүнжақ және Төменгі Баскүнжақ жұмысшы ауылдары) аудан халқының 75,37% тұрады.
Ұлттық құрамы 2010 жылғы Бүкілресейлік халық санағы бойынша:
Ұлты Саны (адам) Пайыздық арасалмағы орыстар 52 983 74,36% қазақтар 11 673 16,38% украиндар 1132 1,59% шешендер 913 1,28% татарлар 830 1,16% кәрістер 569 0,80% әзербайжандар 493 0,69% басқалары 2656 3,73% көрсетпегендер 555 0,78% Барлығы 71 249 100,00%
Әкімшілік бөлінісі Ақтөбе ауданына әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде 1 аудандық маңызы бар қала, 2 қала үлгісіндегі ауыл, 12 ауылдық кеңес кіреді«Астрахань облысының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы» Астрахан облысының Заңы.
Ақтөбе ауданына муниципалды аудан мәртебесі бар муниципалды құрылым ретінде 15 муниципалды құрылым кіреді, оның ішінде 3 қалалық және 12 ауылдық елді мекендер:
Елді мекендері Ақтөбе ауданында 44 елді мекен бар.
Экономикасы Өнеркәсіп Ауданда 30-дан астам өнеркәсіптік кәсіпорын бар, оның 5-і орта және ірі: «Бассол» ААҚ — Баскүнжақ кен орнын игеру және ас тұзын өндіру. «Кнауф Гипс Баскунчак» ЖАҚ — гипс өндіру «Ақтөбе КЖЗ» ААҚ «Консерві зауыты» ААҚ «Ақтөбе ет комбинаты» ЖАҚ.
Ауданның өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде: 81,1% тамақ өнеркәсібі; 6,7% машина жасау; 11,1% құрылыс материалдары өнеркәсібі.
Ауыл қожалығы Аудан аумағында 16 ауыл қожалығы кәсіпорны мен 206 шаруа қожалығы бар, ауыл шаруашылығы өндірісінде 3000 адам жұмыспен қамтылған.
Аудан бақша дақылдарын өндіру бойынша Астрахан облысында 2-орынды (20,8%), жұмыртқа өндіруден 4-орынды (13,7%), көкөніс өндіруден (меншікті салмағы – 8,2%) және ет (меншікті салмағы – 9,6%) 5-орынды иеленеді.
Көрікті жерлері Аудан аумағында Үлкен Боғдо тауы мен Баскүнжақ көлі бар Боғдо-Баскүнжақ қорығы, В.П.Чкалов ат. Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығы орналасқан.
Дереккөздер
Санат:Ақтөбе ауданы (Астрахан облысы)