Сарышоқы – Сайқын жотасының батысындағы тау.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласының оңтүстік-шығысында 18 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 2164 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 6 км-ге созылған, енді жері 3,5-4 км, салыстырмалы биіктігі 65-70 м. Беткейі тіктеу, өзен арналарымен тілімденген. Солтүстік беткейінен Тоқай, шығысынан Теректі өзендерінің салалары бастау алады.
Өсімдігі 1000 м-ге дейінгі биіктік белдеуінде сирек орман өседі. Баурайы мал жайылымына қолайлы.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Зайсан ауданы таулары