Экстернализм (кейде Экстерналдылық, ) — сана философиясындағы маңызды бір тезис болып, ол зерделі сананы жүйке жүйесінде (немесе мида) болып жатқан нәрселердің нәтижесі ғана емес, сондай-ақ ол субъектіден тысқары шындықтардың да нәтижесі. Ол сананы тек жүйке әрекетімен ғана түсіндіретін интернализмге қарама-қайшы ұстанымда. Экстернализм дегеніміз сана дегендік ми, немесе ми функциялары дегендік емес деген сенім.

"Сана дегеніміз не?" деген мәселеге қатысты экстернализмнің әртүрлі нұсқалары бар.Rowlands, M., (2003), Externalism. Putting Mind and World Back Together Again, Chesham, Acumen Publishing Limited. Экстернализм сыртқы факторлардың жүйке жүйесене жасаған ықпалына көбірек сәуле түсіреді. Бір ұшқары (extreme) көзқарас бойынша, сана сыртқы факторларға тәуелді болуы мүмкін. Ал, кері түрдегі ұшқары көзқарас бойынша, сана сыртқы факторларға сөзсіз тәуелді. Экстернализмдік не жүйке жүйесі ішінара, немесе толығымен сыртқы процестерден құралатыны туралы, немесе олармен бірдей екендігі туралы ұшқары көзқарастарды дәріптейді.

Экстернализм теориясының тағы бір маңызды өлшемі - сананың қандай аспектіге саятыны туралы. Кей экстерналистер сананың танымдық аспектісіне назар аударады, мысалы Энди Кларк, Дэвид Чалмерс,Clark, A. and D. Chalmers, (1999), "The Extended Mind." in Analysis, 58(1): 10-23. Шон ГаллахерGallagher, S., (2009), "Philosophical Antecedents of Situated Cognition" in P. Robbins and M. Aydede, Eds, The Cambridge Handbook of Situated Cognition, Cambridge, Cambridge University Press. және басқаларыRobbins, P. and M. Aydede, Eds, (2009), The Cambridge Handbook of Situated Cognition, Cambridge, Cambridge University Press.. Ал, өзгелері не сананың феноменалды аспектісіне, немесе зерделі санаға көңіл аударады. Кейбір философтар зерделі феноменалды мазмұн мен белсенділікті қарастырады, мысалы, Уильям ЛиканLycan, W. G., (2001), "The Case for Phenomenal Externalism" in J. E. Tomberlin, Ed., Philosophical Perspectives, Vol. 15: Metaphysics, Atascadero, Ridgeview Publishing: 17-36., Алекс БирнByrne, A. and M. Tye, (2006), "Qualia ain't in the Head." in Noûs, 40(2): 241-255., немесе Франсуа ТонноTonneau, F., (2004), "Consciousness Outside the Head." in Behavior and Philosophy, 32: 97-123., Тид РоквеллRockwell, T., (2005), Neither Brain nor Ghost, Cambridge (Mass), MIT Press., немесе Риккардо МанзоттиManzotti, R., (2006), "An alternative process view of conscious perception." in Journal of Consciousness Studies, 13(6): 45-79.. Дереккөздер

Санат:Эпистемология Санат:Сана философиясы