Қойтас – Тарбағатай жотасының батыс бөлігіндегі тау массиві.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы мен Абай облысы Үржар ауданы шекарасында орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 2583 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 18 км-ге созылып жатыр, енді жері 7-8 км-ге жуық. Беткейлері шатқал, сай аңғарларымен тілімделген. Оңтүстік беткейі тік жарқабақты, кейбір бөліктерінде таудың түпкі жыныстары жалаңашталған.

Геологиялық құрылымы Тас көмір, девон кезеңдерінің жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Таудың қызғылт қоңыр топырағында боз, бетегелі-жусанды дала өсімдіктерімен бірге, биіктік белдеулерде зерек, итмұрын, қараған, тал, көк терек, т.б. өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Үржар ауданы таулары Санат:Тарбағатай ауданы таулары