Сабал, Сабыл – Арқат тауының солтүстік-шығысындағы тау.
Географиялық орны Абай облысы Жарма ауданы Белтерек ауылының оңтүстік-батысында 17 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 649 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 2,5 км-ге созылған, енді жері 1 км. Таудың түпкі жыныстары жер бетіне шыққан, сай-жыралармен тілімденген. Бұлақтарға бай.
Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында селеу, көде, бетеге, жусан аралас бұталар өседі. Етегі мал жайылымына қолайлы.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Жарма ауданы таулары