Сарыоба – Күршім жотасының оңтүстік-батысындағы тау.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы Ақбұлақ ауылының батысында 10 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1030 м. Енсіз шағын келген тау беткейлері жатық келген. Олар айналадағы құрғақ даламен ұласып кетеді. Шығыс және батыс етегінен Қалғұтты өзенінің салалары бастау алады.
Өсімдігі Қиыршықтасты қоңыр, қызғылт қоңыр топырағында тобылғы, қараған бұталары аралас бетеге, жусан, қылқан боз, айрауық, т.б. шөптесіндер өскен. Етегі мал жайылымына қолайлы.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Күршім ауданы таулары