Алас — Индонезиядағы Солтүстік Суматра провинциясында тұратын халық. Саны 50 мың адам.
Тілі Аустронезиялық отбасының батыс аустронезия тобының батак топшасының тілі. Индонезия тілі де кеңінен таралған.
Діні Діни ұстанымдары: мұсылман-сүнниттер және дәстүрлі наным-сенімдерді ұстанушылар.
Кәсібі Негізгі дәстүрлі кәсібі – егіншілік (күріш, жүгері, қант қамысы, мақта). Ірі қара, жылқының ұсақ тұқымдары өсіріледі. Аңшылық пен балық аулау қосалқы рөл атқарады.
Өмір салты Патрилинейлік рулар (мергы) раджалар басқаратын елді мекен ішінде локализацияланған тектерге (суку) бөлінеді. Неке патрилокалды, матрилокальдылық, көп әйел алушылық бар.
Елді мекендер (кут) өзен аңғарларында ретсіз орналасқан, қадалы қаңқалы үйлерден (ума) және бір немесе бірнеше ерлер үйінен (мереса) тұрады.
Сілтеме
Дереккөздер
Санат:Индонезия этникалық топтары