Лиза Қожаққызы Есбосынова — 1978 жылы 3 маусымда Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде туған. Педагогика ғылымдарының магистрі.

Білімі

1995–1998 жж. М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық  колледжін бітірген. 2004–2006 жж. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген. 2012 жылы РФ-ның тестолог-ғалымы В.С.Аванесовтың авторлық курсынан өткен. 2012 жылы «ТОМЕР» орталығының оқыту әдістемелері мен тілдік білімді бағалау ерекшеліктері тақырыбындағы арнайы  курсынан өткен. 2017 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында  ағылшын тілінде оқу мен жазу дағдылары  курсынан өткен. 2017 жылы Мәскеу қаласындағы «MY ACADEMY» мектебінде Веб-аналитика бағыты бойынша білімін жетілдірген. 2019–2020  жж. Магистратура, «Болашақ» академиясы (Қарағанды қаласы).

Еңбек жолы

1998–2004 жылдары Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы №170 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі; 2005–2009 жылдары Б.К.Мергенбаев атындағы №226 гимназия директорының орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі; 2009–2010 жылдары Қорқыт Ата атындағы  Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы «Қабілет» мектеп-гимназиясының оқытушысы; 2010–2014 жылдары Қызылорда облыстық тілдерді оқытудың өңірлік орталығының оқытушысы; оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік бөлім  меңгерушісі; 2014–2017 жылдары   ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комиеті Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының  оқу-әдістемелік бөлім басшысы 2017–2018 жылдары Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы директорының орынбасары; 2018 жылдың шілдесінен «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ атқарушы директорының орынбасары

Қызметі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сәйкес қазақ тілін оқытуға арналған типтік бағдарламасының, «Қазтест» жүйесі бойынша жазылым бөлігінің құрастырушысы, «Асыл сөз» кешенінің, «Қазақ сөзі» (137, 500, 900, 1200, 1500 сөз) оқу құралдарының телавторы, «Әліпби» энциклопедиясының, Қазақстандағы этнос тілдерін оқытуға арналған «Мәтіндер жинағы» (А1, А2, В1,В2 деңгейлері) оқу-әдістемелік құралдарының құрастырушысы, бірнеше жинақтың редакциялық алқа мүшесі

Жетістігі Облыстық «Қазақ тілінің үздік оқытушысы-2011» байқауының бас жүлдегері; Қазақстан Республикасының Мәдениет және (ақпарат-2011ж.) спорт (2017ж.) министрлігі Тіл комитеті төрағасының Құрмет грамотасы (2011,2017,2018 ж.ж.); Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамотасы (2016, 2017, 2018, 2019 ж.ж.) «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының «Қазақстан Республикасы құқық қорғау әскеріне 25 жыл» кеуде белгісі (2019 жыл); «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі (2020 жыл)

Санат:Алфавит бойынша тұлғалар