Асхат Раздықұлы Оралов (10 ақпан 1990, Павлодар облысы) — қазақстандық саясаткер, мемлекет және партия қайраткері, 2026 жылдан бастап Әділет партиясы төрағасының орынбасары. Бұрын Мәдениет мен спорт министрі (2023), Аманат партиясының атқарушы хатшысы (2022–2023) сияқты лауазымдардың иегері болған.

Өмірбаяны Асхат Оралов 1990 жылдың 10 ақпан күні Павлодар облысы, Ақсу қаласында дүниеге келген.

Білімі Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін «Аударма ісі» мамандығы бойынша және «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша магистрлік бағдарламасын аяқтаған. Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша PhD .

Ресей Федерациясының Сыртқы істем министрлігі Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетінің «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша магистр.

Қызметі 2014 жылдың мамырынан 2016 жылдың желтоқсанына дейін «Nur Otan» партиясы «Нұр» филиалы төрағасының бірінші орынбасары болды. 2016 жылдың наурызынан 2018 жылдың қаңтарына дейін Астана қалалық мәслихатының VI шақырылымының депутаты қызметін атқарды.

2016 жылдың желтоқсанында «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» басшысы. Қызметін 2018 жылдың қаңтарында аяқтады.

2018 жылдың қаңтарынан 2019 жылдың сәуіріне дейін Қазақстан Қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары және бұл қызметінен кейін 2020 жылдың маусымына дейін Павлодар облысы әкімінің әлеуметтік мәселелр бойынша орынбасары қызметтерінде болды.

2020 маусымынан келесі жылдың маусымына дейін Қазақстан Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарған.

2021 жылдың маусымынан 2022 жылдың қаңтарына дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары жұмысында болған.

2022 жылғы 2 ақпаннан 2023 жылдың 4 қаңтарына дейін «Nur Otan» партиясының, кейін атауы өзгертілген «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы болып жұмыс істеді. 2022 жылдың 28 қаңтар күні «Nur Otan» партиясының төрағасы болып Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сайланды. Партия төрағасы Тоқаев бұған дейінгі төрағаның бірінші орынбасары қызметін жаңадан Атқарушы хатшы деп өзгертті. 2022 жылдың 1 наурызынан бастап партия атауы AMANAT болып өзгертілді.

2023 жылдың 4 қаңтарында Қазақстанның мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды. Сол жылдың 1 қыркүйегінде президент Тоқаевтың жарлығымен қызметінен босатылды.

2024–2025 жылдары Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарды.

2025 жылы 2 қыркүйекте ол Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

2026 жылғы 15 қыркүйек күні Асхат Оралов Әділет партиясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Ол партиясының бақылау, талдау және қызметті бағалау мәселелеріне жетекшілік етеді.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстан мәдениет министрлері