Батуаса (өз атаулары: оранг-батуаса, оранг-варинама, оранг-тобо, оранг-хатуметен, оранг – «халық» дегенді білдіреді) — Индонезиядағы амбон-тимор халықтарының бірі. Негізінен Серам аралында тұрады. Жалпы саны 5 мың адам.
Тілі Тілі - батуаса, малай тілінің амбон диалектісі және гесер тілі де кең таралған.
Діні Олар сунниттік исламды ұстанады, (мұсылман-сүнниттер).
Тарихы нобай|оңға|200px|Саго пальмасын өңдеу Батуасалар 14-16 ғасырларда Малай архипелагының әртүрлі аймақтарынан келген иммигранттар – саудагерлер, негізінен бандандықтар, тидорлықтар, тернаттармен араласқан Шығыс Серамның байырғы тұрғындарының негізінде қалыптасты. 17-18 ғасырларда Тобо княздігі, 19 ғасырдың аяғына дейін Серамның шығыс бөлігіне иелік етті және Гесер князьдіктерімен бірге Жаңа Гвинеямен және Молукка архипелагының аралдарымен делдалдық сауданы басқарды.
Кәсібі Негізгі дәстүрлі кәсіпі – саго өндіру, батат, маниок, асқабақ, банан, ананас, бұршақ дақылдары, кокос пальмаларын өсіреді, сонымен бірге балық аулау, ұсақ сауда да дамыған. Қолөнерден тоқымашылық, керамика, ұсталық өнері дамыған.
Өмір салты Ауылдық қауымдастықтарды раджалар немесе орангкайлар деп аталатын басшылар басқарады.
Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары Батуаса елді мекендері жағалауда орналасқан, көшелері түзу орналасып, орталығында мешіт орналасқан. Дәстүрлі қадалы тұрғын үйлері жер үстіндегі амбоналық типке ауысуда.
Дәстүрлі киімдері Киімдері- баджу жемпірлері мен саронг.
Дәстүрлі тағамдары Негізгі тағамдары - саго крахмалынан жасалған тағамдар, жаңа піскен, кептірілген және ашытылған балық, көкөніс сорпасы, мереке күндері - ет және күріш.
Дереккөздер
Санат:Индонезия этникалық топтары