А́ренд Мартейн «Арне» Слот (; 1978 жылдың 17 қыркүйегі күні туған) — нидерландтық бұрынғы футболшы және қазіргі жаттықтырушы. Ағылшынның «Ливерпуль» клубының бас жаттықтырушысы.
Ойыншы мансабы Жартылай қорғаушы ретінде Нидерландтың «ПЕК Зволле», «НАК Бреда» және «Спарта» (Роттердам) клубтарында ойнады.
Жаттықтырушы мансабы Ойыншы ретіндегі мансабын аяқтаған соң Слот «ПЕК Зволле» клубының жастар құрамымен жұмыс істей отырып, жаттықтырушылар штабына қосылды.
2014 жылдың жазында Эредивизи клубы — «Камбюр» командасының бас жаттықтырушысының көмекшісі болды. Бұл қызметте Хенк де Йонг, Марсел Кейзер және Роб Маас секілді мамандармен жұмыс істеді. Команда Бірінші дивизионға түсіп қалды.
2016 жылдың 15 қазанында Слот «Камбюрдің» уақытша бас жаттықтырушысы болып тағайындалды, ал 2017 жылдың 5 қаңтарында тұрақты түрде осы қызметке бекітілдіCambuur ontslaat Rob MaasHulshoff en Slot maken seizoen af als trainers van SC Cambuur. Слоттың жетекшілігімен «Камбюр» 14-орыннан 3-орынға көтерілді, бірақ плей-офф кезеңінде «МВВ Маастрихт» командасынан жеңіліп, жоғарғы лигаға орала алмады. Сонымен қатар, команда Нидерланд кубогында жақсы өнер көрсетіп, «Аяксты» жарыстан шығарып, тарихта алғаш рет жартылай финалға дейін жетті. Тек пенальти сериясында «АЗ» командасына есе жібердіCambuur schakelt Utrecht uit na strafschoppen.
2017 жылдың жазында Слот «Камбюрден» кетіп, «АЗ» клубындағы Джон ван ден Бромның жаттықтырушылар штабына қосылдыSlot assistent Van den Brom bij AZ. 2018 жылдың 10 желтоқсанында маусым соңында Слот ван ден Бромды бас жаттықтырушы ретінде алмастыратыны жарияланды. Бас жаттықтырушы ретіндегі алғашқы маусымында Слот барлық жарыстарда тоғыз матч бойы жеңілмей, Эредивизидегі дебюттік маусымда 19 ұпай жинаған алғашқы жаттықтырушы атандыArne Slot beleeft recordstart bij AZ. «АЗ» «Аяксты» екі рет жеңді (1:0 және 2:0), сондай-ақ «Фейеноорд» (3:0) және ПСВ (4:0) клубтарын ойсырата ұтты. Маусымның 25 турында команда 56 ұпай жинап, «Аякспен» бірдей ұпаймен екінші орынды иеленді. Бірақ маусым COVID-19 пандемиясына байланысты тоқтатылып, чемпион жарияланбады. Келесі маусым «АЗ» жеңілмеген он ойынмен басталды, бірақ нәтижелер нашарлап, жиі тең нәтижелер тіркеле бастады. 2020 жылдың 5 желтоқсанында Слот «Фейеноордпен» келіссөздер жүргізіп жатқаны үшін қызметінен босатылдыAZ zet trainer Slot direct op straat.
2020 жылдың 15 желтоқсанында «Фейеноорд» Слотты маусым соңында бас жаттықтырушы ретінде тағайындайтынын хабарлады. Бірінші маусымда команда 3-орын иеленіп, өткен жылғы нәтижені екі орынға жақсартты. Алайда ерекше жетістік – Конференциялар лигасындағы өнері болды. Топтық кезеңді бірінші орында аяқтаған команда 20 жылдан кейін алғаш рет еурокубоктарда 1/8 финалға өтті. Плей-офф кезеңінде «Партизан (Белград)», «Славия (Прага)» және «Олимпик Марсель» клубтарын жеңіп, финалға шықтыFeyenoord na 20 jaar terug in Europese finale • Roma tegenstander op 25 mei in Tirana. Алайда финалда «Ромадан» 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Маусым соңында Слот Ринус Михелс сыйлығын алып, оның клубпен келісімшарты ұзартылды. 2022/23 маусымында «Фейеноорд» Слоттың басшылығымен 82 ұпай жинап, алтыншы жылдан кейін алғашқы чемпиондығын жеңіп алдыFeyenoord verslaat Go Ahead en is na zes jaar weer kampioen van Nederland. Слот екінші рет қатарынан жылдың үздік жаттықтырушысы атанып, мұндай жетістікке жеткен төртінші жаттықтырушы болдыSlot wint voor tweede keer Rinus Michels Award en is klaar voor nieuwe seizoen. Сол маусымда «Фейеноорд» Еуропа лигасының ширек финалына дейін жетіп, Слот клуб тарихындағы еурокубоктарда ең көп жеңіске жеткен жаттықтырушы атандыSlot: 'Ongelofelijk veel goede dingen gezien. 2023 жылдың жазында «Тоттенхэм Хотспур» Слотты шақырғанымен, ол «Фейеноордта» қалуды жөн көріп, келісімшартты тағы ұзарттыArne Slot blijft bij Feyenoord: 'Mijn wens is door te bouwen op de basis die afgelopen seizoenen is gelegd. Келесі маусымда команда алдыңғы маусымнан екі ұпай артық жинағанымен, чемпиондықты қорғай алмады. Дегенмен, 2024 жылдың 21 сәуірінде Слоттың командасы Нидерланд кубогын жеңіп алды — финалда «НЕК» клубын 1:0 есебімен ұттыArne Slot sent Liverpool message as final verdict given before Jurgen Klopp switch.
2024 жылдың сәуірінде Слот Юрген Клопптың орнына «Ливерпульдің» бас жаттықтырушысы болатыны жайлы хабарламаларды растадыArne Slot to be named new Liverpool boss after agreeing deal to take over from Jurgen Klopp"Arne Slot confirms he will replace Jurgen Klopp as Liverpool boss. 2024 жылдың 20 мамырында бұл тағайындау ресми түрде жарияланды. Ағылшын Премьер-лигасының алғашқы турында «Ипсвич Таун» клубын жеңе отырып, Слот 1998 жылдан бері «Ливерпульде» дебюттік матчында жеңіске жеткен алғашқы жаттықтырушы болдыArne Slot becomes first Liverpool manager this century to achieve Premier League feat.
Жаттықтырушы ретіндегі стилі Слот «Фейеноорд» клубымен жұмыс істеген кезеңінде сарапшылар тарапынан клуб тарихындағы ең үздік жаттықтырушылардың бірі ретінде бағаланды. Ол нәтижелі ойынмен қатар, ойыншыларды дамытуға және шабуылға негізделген жарқын ойын стилін енгізуімен танылдыArne Slot: de trainer die 'sleeping giant' Feyenoord wakker maakte.
Жаттықтырушы статистикасы Мәліметтер 2025 жылдың 13 сәуіріндегі жағдай бойынша көрсетілген
{| class="wikitable" style="text-align:center" |- !rowspan=2|Команда !rowspan=2|Ел !rowspan=2|Қызметке кіріскен күні !rowspan=2|Қызметтен кеткен күні !colspan=8|Көрсеткіштер |- !!!!!!!!!!!!!!!% жеңіс |- |align=left|Камбюр | |align=left|15 қазан 2016 |align=left|30 маусым 2017 |- |align=left|АЗ | |align=left|1 шілде 2019 |align=left|5 желтоқсан 2020 |- |align=left|Фейеноорд | |align=left|1 шілде 2021 |align=left|31 мамыр 2024 |- |align=left|Ливерпуль | |align=left|1 маусым 2024 |align=left| |- !colspan=4|Жалпы |}
Жетістіктері Ойыншы ретінде Командалық ПЕК Зволле Эрстедивизи чемпионы (2): 2001/02, 2011/12
Жаттықтырушы ретінде Командалық «Фейеноорд» Нидерланд чемпионы: 2022/2023 Нидерланд кубогының иегері: 2023/2024
Жеке Ринус Михелс атындағы жүлде (2): 2021/2022, 2022/2023 Ағылшын Премьер-лигасының айдың үздік жаттықтырушысы: 2024 жылғы қарашаSlot named Barclays Manager of the Month
Жеке өмірі Слот – үйленген. Жұбайының есімі — Мирьям. Ерлі-зайыптылардың бір ұлы және бір қызы барArne Slot's wife and family life ahead of move to Liverpool as talks continue.
Дереккөздер
Санат:Нидерланд футболшылары Санат:Нидерланд футбол жаттықтырушылары Санат:Зволле ФК ойыншылары Санат:Спарта Роттердам ФК ойыншылары Санат:НАК Бреда ФК ойыншылары Санат:АЗ Алкмаар ФК жаттықтырушылары Санат:Фейеноорд ФК жаттықтырушылары