Желаев ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық әкімдігіне қарасты әкімшілік бірлік.

Әкімшілік құрамы Құрамына Желаево ауылы кіреді. Орталығы – Желаево ауылы.

Тарихы 2013 жылы Желаев кенттік округі таратылып, Желаев ауылдық округі болып қайта құрылды.Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 2478 адамды (1211 ер адам және 1267 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Дереккөздер

Санат:Орал қалалық әкімдігі ауылдық округтері