«Қара Адам» () — америкалық суперқаһармандық фильм, режиссері Жауме Коллет-Серра. DC Comics баспасынының Қара Адам атты антиқаһарманына негізделген. Сценарийді жазған Адам Штикель, Рори Хайнс және Сохраб Ноширвани. Фильм Shazam! (2019) -ның спин-оффы және « Өзін-өзі өлтірушілер тобы: Сынақ миссиясы» (2021) фильмінен кейінгі DC Universe ғаламының 11-ші фильмі. Басты рөлді Дуэйн Джонсон ойнады; фильмде сондай-ақ Алдис Ходж, Ноа Сентинео, Сара Шахи, Марван Кензари, Квинтесса Суинделл, Бодхи Сабонги және Пирс Броснан секілді белгілі актерлер ойнады.

Джонсон Shazam! фильмінің шығармашылық ұжымына 2014 жылдың қыркүйегінде қосылуы қажет болатын . Фильмде зұлым Қара Адамды ойнауы жоспарланды. Продюсерлер 2017 жылдың қаңтарында кейіпкерге өзінің жеке фильмін беру туралы шешім қабылдады, ал Штикель сол жылдың қазан айында жұмысқа алынды. Жауме Кольет-Серра болса 2019 жылдың маусымында қосылды және түсірілім 2020 жылдың шілдесінде 2021 жылдың желтоқсанында болады деп күтілді, бірақ бұл жоспарлар COVID-19 пандемиясына байланысты кейінге қалдырылды. Келесі жылы Америка әділет қоғамының мүшелерінің рөліне қосымша кастинг өтіп, сценарийді Хайнс пен Ноширвани қайта жазып шықты. Фильмнің негізгі түсірілімі 2021 жылдың 9 сәуірінде Атлантада басталды.

Сыртқы сілтемелер

Санат:Warner Bros. фильмдері Санат:Жауме Кольет-Серра фильмдері Санат:DC комикстерін экранизациялау Санат:АҚШ ғылыми-фантастикалық фильмдері Санат:Ағылшын тіліндегі фильмдер Санат:АҚШ комикстерін экранизациялау Санат:Комикс желісі бойынша туындылар Санат:Комикстерді экранизациялау