Субанон — Филиппиннің оңтүстігіндегі үлкен Минданао аралының батыс бөлігінде тұратын тау халқы. Субанон атауы «суба» немесе өзен сөзінен шыққан «өзен адамдары» дегенді білдіреді. Жалпы саны 180 мың адам.
Тілі Тілі - аустронезиялық отбасының Филиппин тобының субанон тілінде сөйлейді. Сонымен қатар тағал, бисай және ағылшын тілдері де кең таралған.
Діні Субанондардың көпшілігі дәстүрлі нанымдар мен культтерді ұстанады, кейбірі христиандар (католиктер, протестанттар) және мұсылмандар.
Тарихы XVIII-XIX ғасырларда моролар құлдарды басып алу және тонау мақсатында субанон аумағына шабуыл жасады. ХХ ғасырда мигранттардың қарқынды ағымы (бисай, тағалдар, және лактар) Минданао жазығындағы халықтарға мәдени әсерін күшейтті, субанонның дәстүрлі өмір салтын ассимиляциялау және өзгерту процестерін күшейтті.
Кәсібі Негізгі дәстүрлі кәсіптері - қолмен атқарылатын егіншілік (күріш, тәтті картоп, таро, ямс), аңшылық, терушілік, бау-бақша (кәді, бұрыш, қызанақ, баклажан), тоқымашылық, ағаш өңдеу және керамика.
Тұрмыс салты Субанондардың әлеуметтік өмірі ақсақалдар (тимуки) басқаратын шағын жергілікті топтармен байланысты. Отбасы моногамды, неке матрилокальды немесе неолокалды. нобай|оңға|200px|Таулық субанон үйлері Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары Елді мекендері шағын – 3-10 үй, шашыраңқы орналасқан. Тұрғын үй бір бөлмелі, төртбұрышты, қадалы, аласа төбесі пальма жапырақтарымен жабылған.
Дәстүрлі киімдері Дәстүрлі ерлер киімі – жамбасты жауап тұратын мата кесіндісі, әйелдердікі – тігілмеген белдемше. Тұмарлар, зергерлік бұйымдар, татуировкалар, тістерді қаралау дәстүрлері кең таралған.
Дәстүрлі тағамдары Дәстүрлі тағамдары - өсімдік тектес.
Сілтеме
Дереккөздер
Санат:Филиппин этникалық топтары