Майкл Уоррен Янг (; 28 наурыз 1949) — америкалық биолог және генетик, циркадалық ырғақты басқаратын молекулалық механизмдерді ашқаны үшін физиология немесе медицина бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (2017) (Джеффри Холл және Майкл Росбашпен бірге). Философия ғылымдарының докторы (1975), атаулы профессор (Richard and Jeanne Fisher Professor) және Рокфеллер университетінің академиялық мәселелер жөніндегі вице-президенті, ол сонымен бірге генетика зертханасын басқарады, АҚШ Ұлттық ғылым академиясының (2007) және америкалдық философиялық Қоғам (2018) мүшесі. Сондай-ақ Америкалық микробиология академиясының мүшесі (2007) және құрметті мүшесі.

Ол Остиндегі Техас университетін (биология бакалавры, 1971) бітіріп, 1975 жылы генетика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды. Ол бірге Стэнфорд медицина мектебінің биохимия кафедрасында постдок болды, содан 1978 жылдан бастап Рокфеллер университетінде. Нью-Йорк Ғылым академиясының Президенттік кеңесіне кіреді.

Ол отыз жылдан астам уақытын генетикалық бақыланатын ұйқы мен өңдегі Drosophila melanogaster әрекеттерді зерттеуге арнады. Рокфеллер университетінде жұмыс істеген уақытында ол және оның зертханасы циркадтық ырғақтарға жауап беретін ішкі сағаттың реттелуімен байланысты негізгі гендерді анықтау арқылы хронобиологияға елеулі үлес қосты. Янг жеміс сіркелерінің ұйқы циклінің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет «период» ( ) генінің қызметін аша алды. Оның зертханасы сонымен қатар тәуліктік ырғаққа қажетті белоктардың синтезіне жауапты тағы екі геннің, яғни «timeless» (уақытсыз) және «doubletime» (қос уақыт) гендерінің ашылуымен байланысты.

Марапаттары 2006 — Pittendrigh/Aschoff Award, 2009 — Нейрология бойынша Грубер сыйлығы 2011 — Луиза Гросс Хорвиц сыйлығы 2012 — Гайрднер халықаралық сыйлығы 2012 — Мэссри сыйлығы 2013 — Уайли сыйлығы 2013 — Шао сыйлығы 2017 — Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығы

Грубер, Хорвиц, Гайрднер, Мэссри, Шао және Уайли сыйлықтары — Нобель сыйлығы сияқты, Джеффри Холл және Майкл Росбашпен бөлісті .

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Физиология немесе медицина бойынша 2017 жылғы Нобель сыйлығы. Джеффри С. Холл, Майкл Росбаш, Майкл В. Янг

Санат:Халықаралық Гайрднер сыйлығының иегерлері Санат:АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшелері мен корреспондент мүшелері Санат:Нобель сыйлығының иегерлері (АҚШ) Санат:Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері Санат:АҚШ генетиктері Санат:Майамиде туғандар