нобай|250px|1995 жылғы пошта маркасында «Көкпар» — қазақ кескіндемешісі Қанапия Телжановтың 1960 жылы салған суреті.

Мұнда қоңыр және жасылмен берілген жер беті, көк пен сарғылтқа боялған аспан, қып-қызыл көйлектегі топ бастаған адам және гүлденген көкнәрлер суреттің белсенді түстік гаммасын аңғартады. Қозғалысқа толы сюжет көшпенділердің рухани бостандыққа ұмтылысын айғақтайтындай болады.М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты: 100 шедевров искусства Казахстана . Алматы, 2013.

Ептілік пен батылдық талап ететін халық ойыны жігіттерге күш көрсетудің мерекесіне айналған. Қылқалам шебері қазақ халқының еркіндікті сүйетінін өз шығармасында көрсете білген. Тура көрерменге қарай гүрілдеген селдей атқа мінген топ жөңкіліп келеді.Қ.Т. Телжанов шығармашылығына байланысты библиографиялық шолу

Алдыңғы жақта төрт салт атты олжаға таласып жатыр, олардан сәл артта шапқан басқа ойыншыларды да көреміз. Сол жақта, гүлденіп жатқан кең даланың бір шетінде жерге батыңқырап қалған балбал байқалады; ең шетінде, көкжиектен сәл бері құрылыс алаңы көрініп тұр. Өнертанушы Е. Вандровскаяның айтуынша, «сюжетке қарағанда біз бұл суретті тұрмыстық жанрға жатқыза алатын сияқтымыз, алайда тереңіне бойлап, мағыналық мазмұнды алсақ, бұл сөзсіз тарихи сурет екенін түсінеміз».Онтологические импликации творчества Жанатая Шарденова и Канафии Тельжанова

Екі жыл бұрын салынған «Атамекен» суретімен өлшемдес болған бұл туынды Телжанов қылқаламынан шыққан көкпар тақырыбындағы көп нобайдың қорытындысы болып келеді.

Дереккөздер

Санат:Қанапия Телжанов суреттері