Қотыркөл – Ертіс алабындағы көл.

Географиялық орны Ақмола облысы Біржан сал ауданы Степняк қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 3 км жерде орналасқан.

Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 351 м биіктікте жатыр. Аумағы 18,7 км2, ұзындығы 7,2 км, енді жері 3,9 км, жағалау бойының ұзындығы 20,4 км. Су жиналатын алабы 29,9 км2. Көлдің ең терең жері 7,7 м, суының көлемі 19 млн. м3. Көлге батыс жағынан көптеген шағын жылғалар құяды. Суы мол болған жылдары көлді Жөкей көлімен Сыза қыларнасы жалғастырады. Жағалауы көлбеу, түбі лайлы. Көлдің батыс жағалауында қамыс, құрақ өседі.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Біржан сал ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы