Қасқырлы – Баршақұм құмының солтүстік-шығысындағы құмды алқап.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылының оңтүстік-шығысында 30 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 77 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км-ге созылып жатыр, енді жері 6 км. Жер бедері қырқалы-төбешікті, бірен-саран шағылдар кездеседі. Солтүстігінде Бағымбай, батысында Баласұран, шығысында Шатырлысор қоныстары бар.
Өсімдігі Құмның сұр, сортаң топырақ жамылғысында жусан мен бұта аралас эфемерлі өсімдіктер, грунт суы жер бетіне жақын жатқан ойысты жерлерінде жыңғыл, қамыс, құрақ өседі. Жыл бойы мал жайылымына пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Ақтөбе облысы құмдары