Наира Вагановна Зохрабян (, 8 мамыр, 1965 жыл, Ереван) — Армения парламентінің депутаты.
1987 ж. – Ереван көркем-театр институтының театртану факультетін үздік бітірді. Ол халықаралық журналистика бойынша екі жылдық курсты бітірді. Мәскеу театр өнері институтында, Мәскеу мемлекеттік кинематографистер одағының институтында, сондай-ақ Мәскеудің жетекші театрларында кәсіби қайта даярлаудан өтті. 1992 жылдан бастап «Ар», «Аравот», «Хаётс Ашхар», «Хайк» басылымдарының тілшісі. 1999-2006 жылдары - «Хайқақан Жаманақ» газетінің саяси шолушысы. 2007 ж. - «Кентрон» телекомпаниясының «Верелк» саяси телебағдарламалар циклінің авторы және жүргізушісі. 2007 жылы 12 мамырда депутат болып сайланды. «Гүлденген Армения» партиясының мүшесі. 2015 жылдың 5 наурызынан бастап ПАП («Гүлденген Армения») партиясының төрағасы.
Марапаттары Мхитар Гош медалі (2011). Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысының Құрмет грамотасы (2013 жылғы 17 маусым) – Беларусь Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы мемлекетаралық және парламентаралық қатынастарды нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін.
Дереккөздер
Сілтемелер Арменияның Ұлттық жиналысы
Санат:Мхитар Гош медалінің иегерлері Санат:Армения қоғам қайраткерлері Санат:Армения Ұлттық жиналысының депутаттары Санат:Армения редакторлары