Түрікменстанның мемлекеттік елтаңбасы () — Түрікменстанның мемлекеттік рәміздерінің бірі, елдің елтаңбасы.

Сипаттамасы нобай|оңға|Түрікменстан туындағы түстері мен кейбір символдарын елдің елтаңбасында да табуға болады Елтаңбаның пішіні — Рубғ символына ұқсас сегізбұрышты жасыл жұлдыз.

Елтаңба орталығындағы көк дөңгелектің ішінде салынған Ахал теке жылқысы бейнеленген. 2000 жылы пайда болған ресми дереккөздерге сүйенсек, бұл — тұңғыш президент Сапармұрат Ниязовтың жылқысы (, жанар тау).

Көк дөңгелектің сыртында 5 түрлі оюы бар қызыл дөңгелек салынған. Бұл оюлар түрікмен халқының 5 басты руларын білдіреді: Теке, Жәуміт, Сарык, Чавулдур және Әрсары рулары.

Оюлар сыртында бидай мен мақта бұтақтары, және үстінде жарты ай мен 5 ақ жұлдыз бейнеленген. Бұл 5 жұлдыз елдің бес уәлаятын: Ахал, Балқан, Дашоғыз, Лебап және Мары білдіреді. Сол жағында 5 жұлдызы бар солға қараған жарты айды, елтаңбаның жасыл түсін және рулардың оюларын Түрікменстан туында да табуға болады.

Тарихы Түрікменстан — посткеңестік кеңістікте тәуелсіздігінен бері өз елтаңбасын ең көп өзгерткен мемлекет болып келеді: қазіргі рәмізі 1992 жылдан бері қабылданған 3-елтаңбасы болып келеді.

Елдің тұңғыш елтаңбасы жасыл түстің орнына сары түсті көбірек қолданған еді, және жалпы символдары мен олардың орналасуы қазіргі нұсқасына ұқсаса да, түсі және пропорциялары өзгеше болып келеді.

2000–2003 жылдары қолданылған нұқса керісінше қазіргісіне жақынырақ болған, оның түстері тудағыға ұқсас болып жасыл мен қызылға өзгертілді.

Бірінші (1992–2000) және екінші (2000–2003) нұсқалардың пішіні шеңбер болған. 2003 жылы президент Сапармұрат Ниязов екінші нұсқаның пішінін Рубғқа ұқсас сегізбұрышқа өзгертті, себебін «көне түрікмен сегізбұрышы молшылықтың, бейбітшілік пен тыныштықтың символы болып саналған» деп айтып кеткен.

Тарихи елтаңбалары

Дереккөздер

Санат:Алфавит бойынша елтаңбалар Санат:2003 жылдың елтаңбалары Санат:Мемлекеттік елтаңбалар Санат:Түрікменстан рәміздері