Конзо (конджо, баконджо) — Конго Демократиялық Республикасындағы банту тобының халқы. Уганда мен шекаралас аудандарда да тұрады.Современная энциклопедия Конзо https://my-dict.ru/dic/sovremennaya-enciklopediya/201715-konzo/ Жалпы саны 850 мың адам. Конго Демократиялық Республикасында – 600 мың адам, Угандада – 250 мың адам.КОНЗО http://www.aggregateria.com/K/konzo.html

Тілі Тілі - олуконзо тілі немесе луконзо, банту тілдеріне жатады."Энциклопедическом справочнике "Африка"" https://slovaronline.com/browse/679cf3f3-025e-337e-b85c-f831ede675bf/%D0%BA%D0%BE%D0%BD%D0%B7%D0%BE

Діні Дінге сенушілердің діни байланысы: дәстүрлі нанымдар, бір бөлігі – христиандар.Значение слова КОНЗО в Современном энциклопедическом словаре https://slovar.cc/enc/sovremenniy/1840575.html

Кәсібі Негізгі кәсібі - қолмен атқарылатын егіншілік (банан, құмай, елеусина, маниок, күріш, бұршақ, май пальмасы), Эдуард көлінің жағасында балық аулап, ұсақ мал өсіреді. Қолөнерден - металл балқыту және өңдеу, ағаш ою, төсеніштер, себеттер жасалады.Народы и культуры Конзо https://travel-journal.ru/ethno/38/793/

Өмір салты Патрилиндік тайпалық топтарға бөліну сақталған. Үлкен отбасылық қауымдастық кең таралған. Музыкалық фольклор сақталған (ағаш үрмелі аспаптар, барабандар).

Ауылдық елді мекендер төбелерде шашыраңқы орналасқан. Үйшіктері қабырғаларсыз, төбесі жерге жететін сабан мен банан жапырақтары бар омарта тәрізді. Үйшіктерінің жанында шөптен және сабаннан тоқылған цилиндрлік астық қоймалары бар. Үлкен отбасына тиесілі үйлер әдетте ауланы құрайтын шеңберде орналасады.

Дәстүрлі киімдері маңызын жоғалтуда.

Азық-түліктері негізінен өсімдік тағамдары - маниок бәліштерінен жарма, банан, пальма майы қосылған жержаңғақ тағамдары, пальма шарабы, балық.народы мира / Конзо http://www.etnolog.ru/people.php?id=KONZ

Дереккөздер

Санат:Конго Демократиялық Республикасы халықтары Санат:Уганда халықтары